Никита Камалов мансабын Барыста жалғастырады
25 Маусым 2024

Никита Камалов мансабын Барыста жалғастырады

65d4fbd06bf3e9_47918818.jpeg

«Барыс» пен СКА арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде қазақстандық клуб Никита Камаловтың құқығын алды. Астаналықтардың ресейлік қорғаушымен келісімшарты екі маусымға, 2026 жылдың 31 мамырына дейін шақталған. Санкт-Петербург қаласы командасы қаржылай өтемақы алды. 

Қорғаныс ойыншысы Новокузнецктің«Металлург», хабаровскілік «Амур», «Сочи» және СКА командалары сапында өнер көрсете жүріп, ҚХЛ-да шамамен 400 матч өткізген. Ол соңғы екі жарым жыл бойы СКА намысын қорғады. Өткен тұрақты чемпионатта Никииа 37 кездесуге қатысып, 6 (2+4) ұпай алды және бұл көрсеткішіне плей-оффтың төрт матчындағы бір гол мен нәтижелі пасты қосты.

Соңғы екі маусым көлемінде хоккейші «Ресей-25» командасы құрамында түрлі халықаралық жарыстарға қатысты. 

Никита Камалов

Туған күні: 08.08.1995 (28 жаста).

Амплуа: қорғаушы.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 88 келі

Ойын таяғын ұстауы: солақай.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:

- Камалов – мұз айдынның екі жағында да бірдейпайдалы ойын өрнегін көрсететін білікті әрітәжірибелі қорғаушы. Соңғы екі маусымда бұл қасиетін клубтық деңгейде де, ұлттық құрамалардеңгейінде де бақылап жүрміз. Қазір ол өте жақсыформада, сондықтан алдағы екі маусымға өте пайдалы ойыншыны қатарымызға қостық.

 «Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс минскілік Динамодан жеңілді

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар арасындағы Қазақстан Кубогы финалында Торпедодан жеңілді

new-preview
88 фото
Barys

Барыс - Динамо Мн