16 тамызда «Барыс-Аренада» хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» XII Халықаралық турнирінің шеңберінде алғашқы матчтар өтеді.
Жарысқа Екатеринбургтен «Автомобилист», Магнитогорскіден «Металлург», Нижнекамскіден «Нефтехимик» және елордалық «Барыс» қатысатынын естеріңізге саламыз.
ҚРПК-2022 матчтарының барлығы Qazsport және KHL телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, кездесулердің тікелей эфирлері BARYS TV клубтық YouTube арнасында қолжетімді болады.
Билеттерді ticket.hcbarys.kz сайтында, сондай-ақ, «Барыс Арена» кассаларында (11:00-ден 20:00-ге дейін) сатып алуға болады.
«Барыс» - «Автомобилист» кездесуінің алдында көрермендер үшін үлкен шоу-бағдарлама жоспарланған, оның аясында «Барыстың» жаңа формасы мен фирмалық стилі ұсынылатын болады. Танымал орындаушылар НАZИМА және Say Mo іс-шараның хедлайнерлері болады.
ҚРПК-2022 кестесі
16 тамыз (сейсенбі)
15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»
19:00 Турнирдің ашылу салтанатының басталуы
19:30 «Барыс» - «Автомобилист». Матч алдында
17 тамыз (сәрсенбі)
15:00 «Автомобилист» - «Металлург»
19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»
18 тамыз (бейсенбі)
Демалыс күні
19 тамыз (жұма)
15:00 «Нефтехимик» - «Автомобилист»
19:30 «Металлург» - «Барыс»
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.