Натан Больё – Барыстың жаңа ойыншысы
28 Маусым 2024

Натан Больё – Барыстың жаңа ойыншысы

444.jpg

«Барыс» Натан Больёмен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Канадалық қорғаушымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Тәжірибелі қорғаушы Ұлттық хоккей лигасында 11 жыл өткізіп, 471 ойында «Монреаль», «Виннипег» пен «Анахайм» командаларының намысын қорғаған. 2012 жылы Натан Канада құрамасы сапында жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2023/24 жылдар маусымында қорғаушы швейцариялық «Клотен» командасы сапында ойнап, 13 матчта екі нәтижелі паспен көзге түскен.

Натан Больё

Туған күні: 05.12.1992 (31 жаста).

Амплуа: қорғаушы.

Бойы: 188 см.

Салмағы: 91 келі.

Ойын таяғын ұстауы: солақай.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:

- Больё – өз аймағында сенімді ойнайтын және өте көп жұмыс атқаратын, көп соққыға тосқауыл жасайтын және кез келген сәтте өзі мен әріптестерін қорғауға дайын тұратын қорғаушы. Мұндай сипаттағы ойыншының «Барыс» қорғанысын күшейте түсетініне және хоккейшілерімізбен өз тәжірибесімен бөлісетініне сенімдіміз.

Сурет - AFP 2024 / RONALD MARTINEZ

    

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды