«Барыс» хоккей клубы негізгі команданың бас бапкері қызметіне Михаил Кравецтің тағайындалғанын ресми түрде хабарлайды. Маманмен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалып, бір маусымға ұзартуға мүмкіндік қарастырылған.
Михаил Григорьевич Кравец жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Құрлықтық хоккей лигасында әр жылдары «Витязь», «Амур», «Авангард», «Куньлунь» клубтарын жаттықтырды.
Алдыңғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ-дың өткен маусымындағы қанағаттанарлықсыз спорттық көрсеткіштерге байланысты бұзылды.
«Барыс» клубының 2025–2026 маусымындағы жаттықтырушылар құрамы
Бас бапкер – Михаил Кравец.
Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов.
Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков.
Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королев.
Дене дайындығы жаттықтырушысы – Денис Малинин.
Бейнежаттықтырушы – Сергей Тамбулов.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.