Бүгін Қазақстан кубогы аясында «Номад» екінші ойын күнін өткізіп, Көкшетау қаласының командасымен кездесті. Есеп 3:4 болған кезде «көшпенділер» қарсыласын жеңе алмады.
Есепті шартты қонақтар ашты. Андрей Кураковтың дәл соққысы «Арланды» алға шығарды. Алайда Артур Гросс қақпашы Владимир Истоминнің қақпасы алдында жасаған соққысымен таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде Кирилл Басовтың соққысы қонақтарды қайтадан алға шығарды. «Номадтың» жауабы көп күттірмеді: Әділ Бейсембаев көк сызықтан бағыттаған соққысымен есепті теңестірді.
Үшінші кезең ең тартысты өтті. Захар Захаров пен Илья Шапоров «Арланды» екі шайба айырмасымен алға шығарды. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Руслан Түсүпбеков бір шайбаның есесін қайтарды.
Енді «Номад» үшінші кездесуін 18 тамызда оңтүстік астана командасына қарсы өткізеді.
«Номад» – «Арлан» 3:4 (1:1, 1:1, 1:2)
0:1 - 01:59 Кураков (Коротин) АГ
1:1 - 18:38 Гросс (Ситников, Сидоренко)
1:2 - 35:50 Басов (Коротин, Санников)
2:2 - 37:23 Бейсембаев
2:3 - 49:51 Захаров (Эрфурт)
2:4 - 51:41 Шапоров (Санников, Коротин)
3:4 - 55:37 Тусупбеков (Гросс, Ситников)
Қақпашылар: Дударкиев – Истомин
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.