Болашақ кубогы. 3х3 турнирінің қорытындысы
07 Қараша 2026

Болашақ кубогы. 3х3 турнирінің қорытындысы

Бүгін «Болашақ кубогы» турнирінің екінші ойын күнінде 3х3 форматындағы жарыс өтті.

Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы алғашқы матч 5:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Виктор Фёдоров, Алан Шайхлисламов, Артемий Кулагин, Максим Моисеев және Михаил Гамзаков шайба соқты. Қазақстан құрамасы сапынан «барыстардың» шабуылшысы мен қорғаушысы Владислав Ануфриев пен Дархан Хафаров мергендік танытты.

Беларусь пен Ресей U18 құрамалары арасындағы келесі кездесу ресейліктердің 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Артём Мишин мен Максим Рябов бір-бір шайбадан соқса, Даниил Ермолов дубль авторы атанды.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездесті. Бұл ойында жерлестеріміз 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберді. Қазақстан құрамасы сапынан «Снежные Барсы» шабуылшысы Игнат Баланчик жалғыз шайбаның авторы атанды. Беларусь құрамасы сапынан Антон Чемеринский, Иван Гиммлер, Надар Фролов және Артём Шатерник мергендік танытты.

Финалда Ресейдің U20 және U18 құрамалары өзара кездесті. 3:2 есебімен жеңіске жеткен Ресей U18 жасөспірімдер құрамасы 3х3 турнирінің жеңімпазы атанды. U20 құрамасы сапынан Сергей Скворцов пен Назар Привалов шайба соқты. Ал U18 командасы сапынан Даниил Савин, Семён Бадалов және Сергей Галочкин мергендік танытты.

IMG_9592.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад Торпедодан ірі есеппен жеңілді

new-preview
9 фото
Nomad

Номад - Торпедо

new-preview
Nomad

Номад Торпедодан жеңілді