«Барыс» «Блинов Кубогында» өткізген соңғы матчта «Нефтехимик» командасынан басым түсті.
Жаттықтырушылар штабы қорғаушы Алекс Грантты, сондай-ақ шабуылдаушылар Кирилл Савицкий мен Понтус Обергті ойынға шығармады. Бірінші минуттардан қақпаны қорғауға Андрей Шутов шықты. Сондай-ақ, жас қорғаушы Кирилл Никитиннің «Барыс» сапында алған рет мұз айдынына шыққанын атап өткен жөн.
Роман Старченко бірінші үзілістің алдында есеп ашты. «Барыс» капитаны аймаққа кірер жерден гол соқты. Астаналықтар екінші кезеңнің көп бөлігін Джозеф Лабейт пен Дэвид Скленичканы бес минутқа ойыннан қуылуына байланыста азшылықта өткізді. Алайда «Нефтехимик» жағдайды пайдаланып қала алмады. Керісінше, ойынның сирек эпизодтарының бірінде Старченко қос шайба соғып үлгерді.
Соңғы кезеңнің ортасында «Барыс» капитаны көпшілікті голға ұластырып, хет-трик авторы атанды. «Нефтехимиик» бұған Илья Хохловтың шайбасымен жауап берді, ол азшылықта ойнаған кезде, ойын бойы керемет ойнаған Андрей Шутовты қапы қалдырды.. Елордалық қақпашы 31 соққыны қайтарды. Ойынның аяқталуына шалынған ысқырық Андрей Скабелка шәкірттерінің турнирдегі қатарынан үшінші жеңісін тіркеді.
Блинов Кубогының үздік қақпашысы болып Эдвард Паскуале танылды.
Енді «Барыс» Астанаға оралады, мұнда маусым алды дайындықтың соңғы кезеңі өтпек. Қазақстандықтардың тұрақты чемпионаттағы бірінші кездесуі «Барыс-Аренада» өтеді. 2 қыркүйек күні біздің команда «Салават Юлаевты» қабылдайды.
«Барыс» - «Нефтехимик» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)
1:0 – 16:47 – Старченко
2:0 – 33:43 – Старченко (Полохов)
3:0 – 51:32 – Старченко (Шестаков, Скленичка) КГ
3:1 – 52:45 – Хохлов АГ
Қақпашылар: Шутов – Тихомиров
«G-Drive арена». 354 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.