ҚХЛ. «Трактор» – «Барыс» 2:3 ОТ
19 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Трактор» – «Барыс» 2:3 ОТ

«Барыс» Сырт айдындағы матчтар сериясының алғашқы кезеңінде «Трактордан» жеңісті жұлып әкетті.

Жарақат алып қалған орталық шабуылшы Линден Вейдің орнына Дмитрий Гурков шықты. Джереми Бракко ойын құрамынан тыс қалды. Жарақаты себебінен бірнеше матчқа қатыса алмаған Нельсон Ножье қатарға қайта қосылды.

Матчтың алғашқы бөлігі айдын иелерінің басымдығын өтті. Бұған «Барыстың» алған үш айып уақыты әсер етті. Бірақ қарсыластар есеп ашылмаған күйі үзіліске аттанды. Екінші кезеңде де ойын өрнегі өзгерген жоқ. «Трактор» шайбаны өз бақылауында ұстап, жиырма минуттықтың аяқталар тұсына жақын қалғанда челябілік хоккейшілер Юлиус Гудачектің қақпасынан саңылау тауып, Михаил Горюнов-Рольгизер мергендік танытты.

Қазақстандық команда бұл шайбаға үшінші кезеңнің басында жауап беріп, Антон Сагадеев қатарынан төртінші матчта нәтижелі соққысымен көзге түсті. «Трактордың» бапкерлер құрамы шайбаның ережеге сау соғылғанын тексеруді сұрады, алайды ол нәтиже әкелмей, айдын иелері кіші айыппен жазаланды. Арада бір минут өтпей тұрып, Александр Борисевич сан басымдығын жүзеге асырып, Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші голын соқты. Алайда астаналық ұжымның қуанышы ұзаққа созылмай, Роберт Хэмилтонның көк сызық бойынан жасаған соққысы қақпа торынан табылда. Таблодағы теңескен есеп матч соңына дейін сақталды.

Қонақтардың овертаймда жеңіске жетуіне қарсыласын жалғыз өзі алдап, қақпаны айналып барып, соққы жасаған Никита Михайлис көмектесті. «Барыс» төрт матчтан тұратын жеңілістер сериясын үзіп, 21 қаңтар күні «Автомобилистпен» кездесу үшін Екатеринбургке жолға шықты.

 «Трактор» – «Барыс» 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)

1:0 – 38:06 – Горюнов-Рольгизер (Калинин)

1:1 – 41:13 – Сагадеев (Ножье, Михайлис)

1:2 – 42:05 – Борисевич (Михайлис, Грант) СБШ

2:2 – 47:14 – Хэмилтон (Ткачёв, Тертышный)

2:3 – 63:36 – Михайлис

Қақпашылар: Мыльников – Гудачек

В. Белоусов атындағы «Трактор» МА. 7500 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары