ҚХЛ. СКА – Барыс. Матч алдында
23 Қаңтар 2020

ҚХЛ. СКА – Барыс. Матч алдында

«Барыс» Санкт-Петербургте жергілікті СКА-мен көшпелі сериясын жалғасуда. Жұлдызды Уиктендтен кейін бірінші матчін «Барыс» Хельсинкиде «Йокерит» командасын 5:1 есебімен жеңіп, сәтті аяқтады. Шағын мерейтойларын Аркадий Шестаков және ҚХЛ-да 50-ші матчін ойнаған Корбэн Найт атап өтті: шабуылшылар лақтырылған шайбалармен көзге түсті, финдік команданың қақпасына тағы бір голдан Дастин Бойд, Никита Михайлис және Линус Виделль қосып берді. Эдди Паскуале соғылған шайбалардың 95%-н  қағып алды. Тұрақты чемпионаттың соңына дейін «Барыс» 12 ойын өткізбекші. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» 50 матчта 67 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Шабуылшы Ииро Пакаринен жарақат алғандардың тізімінде қалды.

Жұлдызды Уикендтен кейін СКА қазіргі Гагарин Кубогының иегері ЦСКА-ға қарсы армиялық дербидің кезекті раундын өткізді. Мәскеуде алаң иелері мықтырақ болды – есеп 3:2. СКА үшін бір-бір голдан Василий Подколзин мен Максим Карпов соқты. 18 жасар Подколзин үшін бұл Лигадағы дебюттік шайба. Батыс Конференцияның кестесінде Алексей Кудашовтың командасы екінші орында орналасқан – 50 ойында 69 ұпай. Жарақат алғандардың тізімінде: шабуылшы Антон Бурдасов пен Александр Барабанов. ЦСКА-мен ойынға Сергей Плотников науқастану себебінен  қатыса алмады. Шабуылшы Илья Каблуков үлкен жетістік қарсаңында тұр – ҚХЛ-дағы келесі матч ол үшін 700-ші болмақ.
Желтоқсан айының соңында командалар «Барыс аренасында» кездесті, қонақтар 6:2 есебімен жеңді.  

Санкт-Петербургте матч астана уақытымен сағат 22:30-да басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.
Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1-1,60 / Х-4,10 / П2-5,30. Толығырақ сілтеме бойынша

 «Барыс» ХК–ның Бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция