ҚХЛ. Барыстың маусым қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы
15 Наурыз 2022

ҚХЛ. Барыстың маусым қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы

Борис Иванищев маусымның қорытындылары туралы.

- Кезекті рет маусым бір мағыналы болмады деп айта аламыз. Өкінішке орай, соңғы жылдары жұмысқа түрлі сыртқы факторлар әсер етуде. Міне, осы жолы да маусым барысында ел ішінде де, халықаралық сахнада да бірқатар өте маңызды оқиғалар орын алды, олардан кейін қайта құрылуға тура келді. Бірақ біз туындаған барлық сұрақтарды жақсы шештік деп ойлаймын. Бұл үшін мен клубымыздың барлық қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Бәлкім, маусымның үзілістермен өтуі басты проблема болған шығар. Әрине, бұл жерде жалғасып жатқан пандемияны да ескеру қажет. Вирус біздің ойыншыларымыз бен қызметкерлерімізді ауық-ауық істен шығарды, бұл жаттығу процесіне де, тікелей жұмысымызға да әсер етпей қоймады. Жаңа жылға қарай біздің жарақат алған ойыншыларымыз жазылып, қатарға оралған еді, команда физикалық тұрғыда жақсы күйде болды. Біз тұрақты чемпионатта жоғары орын үшін күресуге дайын болдық. Бірақ тұрақты чемпионатты мерзімінен бұрын тоқтатып тастады. Ұзақ уақыт бойы ойынсыз отырдық. Қайта плей-офф алдында үш бақылау кездесуін өткізе алғанымыз жақсы болды. 

Борис Иванищев жаттықтырушылар штабы туралы.

- Команда бастапқы тапсырманы орындады. Өкінішке орай, плей-оффтың бірінші кезеңінен өте алмадық. Кейбір ойыншыларымыз жарақат алды. Сонымен қатар, легионерлер шұғыл түрде кеткен басқа клубтардағы оқиғалар туралы ұмытпау қажет. Менің ойымша, біздің жігіттер де бұл жағдайды ойларында ұстады. Мүмкін, кейбір легионерлер бұл қысымды психологиялық тұрғыдан жеңе алмаған шығар. Әрине, плей-оффтың үй айдынында өткен ойындарын жақсырақ ойнау керек еді, сол матчтардан көп нәрсе күттік. Әсіресе бізді қолдауға көптеген көрермендердің келгенін ескерсек. Бірақ бұл хоккей. Болары болды.

Борис Иванищев ойыншылардың келісімшарттары туралы.

-Біз қазақстандық хоккейшілерімізді, бірінші кезекте Михайлис-Волк-Лилья үштігін және басқа да қазақстандықтарды сақтап қалғымыз келеді. Маусым әлі аяқталған жоқ және ҚХЛ талаптары әлі белгісіз, легионерлерді қысқарту болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін. Барлық ресми ақпарат мамыр айында шыға бастауы мүмкін. Тағы бәріне айтарым тек біздің ресми ресурстарымызға ғана сеніп, түрлі қауесеттерге назар аудармаңыздар. 

Борис Иванищев келесі маусымға арналған бюджет туралы.

- Біздің бюджетіміз онсыз да қысқартылған. Доллардың теңгеге қатысты бағамының ағымдағы өсуі бізге әсер ететіні сөзсіз. Ұшақ билеттері, қонақ үй, арнайы киім – осының барлығы долларға сатып алынады. Маусым аяқталсын, сонда есеп-қисапқа отырып, не істеуге болатынын ойлайтын боламыз. Бірақ жалақының ең жоғары деңгейі мен ең төменгі деңгейі жазылған ҚХЛ регламенті бар. Біз жалақы бойынша ең төменгі деңгейге жақынбыз, бірақ егер біз одан бетер азайтатын болсақ, бізді Лигадан шығарып тастайтын болады. 

Юрий Михайлис маусым қорытындылары туралы.

- Тұрақты чемпионаттың соңғы ойындарында «Металлургты» да, «Автомобилистті» де жеңдік. Команда жақсы эмоционалды және физикалық күйде болды. Біз кестеде жоғары көтеріле алатын едік, бірақ өкінішке орай чемпионатты үзіп тастады. Барлық ойыншылар, басшылық және жаттықтырушылар штабы алаңдады, барлығы жаңа жылда жоғары деңгейде ойнауға дайын еді.

Юрий Михайлис Альсинг пен Мартинссон туралы.

- Чемпионаттың екінші бөлігінде жігіттер көбірек сеніммен ойнай бастады, мүмкін олар бізге бейімделген болар. Орехов пен Альсинг бір-бірін толықтырды, Мартинссон Морроуға алғашқы жұпқа ауыстырылды, кейбір ойындарда өте сенімді көрінді. Оларға өте үлкен жүктеме түсті, бір матчта 24-25 минуттан ойнады. 

Юрий Михайлис маусымның ашуы туралы.

- Шайхмедденов маусым ашуы болды деп ойлаймын. Өте ұнады. Оны мұз айдынына айтарлықтай жиі шығармадық, бірақ ол жас жігіт, өте еңбекқор және плей-офф ойындарында өзін лайықты көрсетті. 

Юрий Михайлис Никита Михайлис туралы.

- Никита жақсы маусым өткізді деп санаймын. Менің ойымша, басшылық оны клубта қалдырғысы келеді, Михайлис - Волк - Лилья үштігін де сақтағысы келеді, сондықтан оның болашағы оған «Барыс» жасайтын ұсынысқа байланысты.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2