ҚХЛ. Плей-офф. «Барыс» – «Авангард». Матч алдында. 5-ші ойын.
22 Наурыз 2019

ҚХЛ. Плей-офф. «Барыс» – «Авангард». Матч алдында. 5-ші ойын.

Жұма күні Астанада «Барыс» пен «Авангард» арасындағы ½ ақтық кездесу сериясының бесінші матчы өтеді. Матч «Наурыз» мерекесімен тұспа-тұс келетіндіктен, ойының басталуы жұмыс күндері сияқты сағат 19:30-да емес, сағат 17:00-де өтеді деп жоспарланған. Сәрсенбі күні «Барыс» Балашихада серияның төртінші ойынында «Авангардқа» 1:3 есебімен жол берді. Жалғыз шайбаның авторы Мэтт Фрэттин болды, бұл оның ағымдағы ойнатылатын Гагарин кубогы шеңберіндегі жетінші голы. Хенрик Карллсон 23 шайбаны қайтарды. Үшінші сиренаға 6 минут қалғанда Даррен Диц кездесудің соңына дейін алаңнан шығарылды – қорғаушы 1 матчқа шеттетіліп, «Барыс» командасына бесінші ойында көмектесетін болады. Сондай-ақ «Барыс» сапында қорғаушы Кирилл Полохов пен шабуылшы Роман Старченко әзірге өнер көрсетпейді – екі қазақстандық жарақат алғандардың тізімінде. Шабуылшы Патрис Кормье шеттетілу кезеңі аяқталғасын құрама сапына қайта оралады.

«Авангард» сериядағы өз алаңда өткен екі кездесуінде жеңіске жетіп, Астанаға 3:1 есебімен көш бастап келді. Сәрсенбі күні Боб Хартлидің командасы ҚХЛ-да бірінші шайбаны кіргізген жас ойыншы Яремчуктің күшімен есеп ашты. Соңғы кезеңде Максим Чудиновтың дублі айдын иелеріне жеңіс сыйлады. Қақпашы Игорь Бобков 19 соққыны қайтарды. Шабуылшы Виктор Стольбергке ойын барысында тәртіптік айып салынды, ол 1 ойыннан шеттетіліп, «Барыс Аренада» өтетін кездесуге қатыспайтын болды. Сондай-ақ, қонақтар Илья Михеев пен Кари Рямёнің көмегіне сене алмайды. Шабуылшы Денис Зернов ақырғы матчқа қатысқан жоқ, бірақ оның аты-жөні жарақат алған ойыншылардың тізімінде жоқ.    

Матч «Барыс Аренада» Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны Qazsport, КХЛ-ТВ және КХЛ-ТВ HD телеарналары жүргізеді.
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылады
 Ұтысты ойындар мен билеттер туралы ақпаратпен осында танысуға болады.

Гагарин кубогының плей-офф кезеңі. Конференцияның жартылайақтық ойыны. 5-ші матч. «Барыс» – «Авангард».
Матч «Барыс Аренада» Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны Qazsport, КХЛ-ТВ және КХЛ-ТВ HD телеарналары жүргізеді.
Жаңалықтар, автобустар, ұтыс ойындары мен билеттер туралы ақпарат осында қолжетімді.


 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады