ҚХЛ. ЦСКА - Барыс матчының алдында
14 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. ЦСКА - Барыс матчының алдында

«Барыс» маусымның алғашқы қонақтағы сериясын Мәскеуде ашады. Бүгін қазақстандық ұжым Батыс конференциясының көшбасшыларының бірі – ЦСКА-мен ойнайды.

Мәскеуліктер маусымды жақсы бастап, чемпионаттағы дебютте бес матчтың төртеуінде жеңіске жетті. Өткен турда ЦСКА үйдегі ойында «Локомотивтің» сағын сындырды - 3:1. Өзі үшін жаңа ұжымның құрамындағы алғашқы шайбаны «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Виктор Сведберг тастады, сондай-ақ жеңімпаздар құрамында Лукас Валльмарк пен Матвей Гуськов те көзге түсті. 36 соққыға тойтарыс берген қақпашы Иван Федотов та жақсы ойын көрсетті. Негізгі құрам ойыншыларының бірқатар жарақаттарын ескере отырып, мәскеуліктердің жетекшісі Сергей Федоров өз ойыншыларының ойынына риза болды.

«Барыс» әзірше өз ойын тәсілін іздеуде. Сенбі күні Юрий Михайлистің командасы үйдегі ойында «Спартактан» жеңіліп қалды, бұл ретте мұз айдынының иелері тағы да біреуден артық нәтижелі шабуыл жасай алмады (Аркадий Шестаков ерекше көзге түсті). Баспасөз мәслихатында Юрий Михайлис берілістердің нәтижесіздігі мен орта аймақта орын алған шығындарға наразылық білдірді.

«Барыспен» болатын матчтың алдында ЦСКА лазаретінде (13 қыркүйектегі жағдай бойынша) қорғаушы Богдан Киселевич, сондай-ақ шабуылшылар Михаил Григоренко, Павел Карнаухов, Андрей Светлаков және Никита Сошников болды. «Барыстағы» жарақат алғандар тізімінде тек Роман Старченко бар. Ол командамен бірге сапарға шықты, алайда, оның матчтарға қатысуы туралы шешім кейінірек қабылданады.

Барлық қажетті рәсімдерден өткен және бүгін Нұр-Сұлтандық команданың құрамында дебют жасай алатын қорғаушы Джо Морроу командаға қосылды.

Өткен маусымда ЦСКА мен «Барыс» екі ойын өткізді. Екі ретте де Ресей астанасынан келген команда мықтылығын көрсетті (3:1 және 2:1 Б).

 

«ЦСКА Аренада» өтетін матч Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 22:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында болады.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 1,40 | Х – 5,10 | П2 - 7,00.

 

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2