ҚХЛ. Барыс – Спартак матчының алдында
11 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Спартак матчының алдында

«Барыс» маусымның үйдегі алғашқы сериясын «Спартакпен» кездесумен аяқтады.

«Спартак» бейсенбі күні маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Уфада Мәскеу ұжымы «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды - 1:2. Айдын иелері қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Сергей Широков болды. Команданың жаңа ойыншысы Эмиль Петерссон төрт кездесуден тұратын нәтижелі сериясын ұзартты. Қақпашы Алексей Красиков қақпаны 23 рет қорғап қалды.

«Қызыл-ақ» командасының жетекшісі Борис Миронов өз шәкірттеріне жақсы матч үшін алғыс айтып, команда міндетінің қорғану болғандығын атап өтті.

«Барыс» сәрсенбі күні «Амурды» жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ағымдағы чемпионатта соғылған голдардың есебін Кёртис Волк, Әлихан Әсетов және азшылықта жеңіске жеткізген шайбаны соққан Аркадий Шестаков ашты. ҚХЛ-дағы алғашқы нәтижелі балға Кирилл Савицкий ие болды. Якоб Берглунд «Барыс» майкасындағы алғашқы матчын өткізді. Йони Ортио қақпаға соғылған 19 соққыға тойтарыс берді.

«Барыстың» бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис ойынның сәтті басталғанын атап өтті, бірақ ойынның соңында ойыннан көптеп шығарылуына көңілі толмады.

Нұр-Сұлтан қаласының командасына алдағы ойында жарақат алғандар тізіміне ауыстырылған шабуылшы Роман Старченко көмектесе алмайды. 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша «Спартактың» лазаретінде қорғаушы Яков Рылов болды.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Спартак» екі кездесу өткізіп, екі ретте де қазақстандық ұжым жеңімпаз атанды (3:2 ОТ және 2:1).

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 16:20-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL Prime арналарында болады.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан,  сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,50 | Х – 3,90 | П2 - 2,50.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2