ҚХЛ. «Барыс» - «Сибирь» матчы қарсаңында
16 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Барыс» - «Сибирь» матчы қарсаңында

«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын «Сибирьмен» қорытындылайды.

Новосібірліктер тағы бір кездесуге Шығыс конференциясы турнирлік кестесінің көшбасшысы ретінде келіп отыр. Өткен сенбіде Андрей Мартемьянов шәкірттері сырт айдында овертаймда «Ақ Барстан» басым түскен – 4:3. Никита Ефремов, Денис Голубев, Максим Сушко және Александр Шаров өз есептеріне бір шайбадан жазды. Шаров болса, маусымда соғылған шайбалар бойынша клуб рекордын жаңартты. «Сибирь» бас бапкері бірінші кезеңнен кейінгі үзілісте хоккейшілердің ойынды өз қолдарына алуларына себеп болатындай әңгіме болғанын айтты.

51 матчта команда 64 ұпай олжалаған. Новосібірлік ұжымның үздік сұрмергені Тэйлор Бек (12+34) ҚХЛ ең нәтижелі ойыншыларының бірі әрі биылғы тұрақты маусымның үздік ассистенті. Астанадағы матчтың басталуына бір күн қалған шақта команданың жарақат алғандар тізімінде Вячеслав Литовченко болды.

«Барыс» «Нефтехимикке» қарсы болған соңғы ойынында басымдықты қарсыласына беріп қойып, қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты (3:5). Астаналық клуб сапынан Линден Вей, Антон Сагадеев пен Энтони Луис нәтижелі соққылармен көзге түсті. Джереми Бракко биылғы тұрақты маусымда 30 ұпай еншілеген командадағы екінші ойыншы атанды. Оның қоржынында 10 гол мен 20 нәтижелі пас бар. Юлиус Гудачек тек 17 соққыға ғана тосқауыл бола алды. Андрей Скабелка жеңіліске тағы да жеке қателіктер мен тәртіптің жоқтығы әсер еткенін айтты. Астаналық хоккейшілер 52 кездесуде 48 ұпай еншілеп, плей-офф аймағынан тыс келеді.

Командалардың биылғы маусымда өткізген төрт кездесуінің үшеуінде «Барыс» жеңіске жетті (2:0, 3:1, 2:1).

Кездесу «Барыс Арена» мұз сарайы айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассалары мен ticket.hcbarys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport және KHL телеарналары, Bas Sport сайты ұсынады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2