ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев матчының алдында
03 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев матчының алдында

«Барыс» маусымды өз мұз айдынында «Салават Юлаевпен» өтетін ойыннан бастайды.

Жаңа маусымға дайындық аясында Уфа ұжымы екі турнирде өнер көрсетті: Башқұртстан Республикасының Кубогында, сондай-ақ TANECO Чемпиондар Кубогында. Салават Юлаев тоғыз кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, бірқатар жас ойыншыларды сынап көрді. Бас жаттықтырушы Томи Лямса жазғы циклдің нәтижелеріне көңілі толды, бірақ соңғы сегіз апта ішінде Уфа ұжымында жарақаттардың белең алғанын атап өтті.

Осы маусымда «Салават» командасының құрамы көп өзгерген жоқ. Клуб барлық дерлік көшбасшыларды сақтап қалды. Жаңадан келгендердің ішінен қақпашы Александр Шарыченковты, тәжірибелі қорғаушы Андрей Зубаревті, сондай-ақ шабуылдаушылар Виктор Тихонов пен Николай Кулеминді атап өтуге болады.

Тамыз айында «Барыс» Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ Минск қаласында Беларусь ұлттық құрамасымен екі ойын өткізді. Юрий Михайлис сонымен қатар барлық жаңадан келген ойыншыларды мұз айдынында тексеріп, клуб жүйесіндегі жас ойыншыларға әжептәуір ойын уақытын берді. Өз кезегінде жаттықтырушы спортшылардың зор жүктемелерді жақсы қабылдағанын және жаңа маусымның басталуына оңтайлы нысанда болуы керек екенін атап өтті.

Команда жаңа чемпионатты әжептәуір жаңартылған құраммен бастамақ. Маусым басталар алдында қорғаушы Әділ Бекетаевпен толыққанды келісімшарт жасалды, сондай-ақ шабуылшы Якоб Берглунд командаға қосылды.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Салават Юлаев» төрт бетпе-бет кездесу өткізіп, олардың үшеуінде Уфа ұжымы жеңіске жетті.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,80 | Х – 4,20 | П2 - 2,20.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2