«Барыстың» өз айдынындағы матчтар сериясы аясындағы екінші қарсыласы - «Нефтехимик». Бүгінгі матч Шығыс конференциясында плей-офф кезеңіне өтуге үмітті екі команданың нағыз теке-тіресі болмақ.
Нижнекамскілік команда соңғы ойынын өз айдынында өткізіп, «Амурдан» басым түсті. Матч тағдырын шешкен шайбаны Вячеслав Лещенко соқты. 31 соққыны кері қайтарған қақпашы Андрей Тихомиров кездесудің нағыз қаһарманына айналды. «Нефтехимик» бас бапкері Олег Леонтьев ойыншылар есепке қарамастан, әдемі шабуылдар ұйымдастырғанын айтты.
«Нефтехимик» 49 матчта 47 ұпай олжалаған. Энтони Камара мен Вячеслаа Лещенко (екеуінде де 13+14) – өз командасының үздік сұрмергендері. Қақпашы Эмиль Гарипов пен қорғаушы Максим Гончаров жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» бейсенбі күні өз айдынында «ЦСКА-дан» жеңілді. Антон Сагадеев пен Дмитрий Шевченко нәтижелі соққымен көзге түсті. Никита Бояркин 31 соққыға тосқауыл болды. Қорғаушы Эмиль Нұрғалиев ҚХЛ-дағы дебюттік матчын өткізіп, 12 минут 21 секунд ойын уақытын алып, қарсылас қақпасына 2 соққы жасады, бір соққыны өзі бұғаттап, ойынды «+1» пайдалылық көрсеткішімен аяқтады. Андрей Скабелка шәкірттеріне мінез бен жігер жетіспегенін атап өтті.
Биылғы маусымның 51 кездесуінде астаналық ұжым 48 ұпай жинады. Линден Вей (15+19) команданың ең нәтижелі ойыншысы болып қала беріп отыр. Егор Шалапов жарақат алғандар тізімінен шығарылды. Ал Нельсон Ножье жарақатынан айығу процесін жалғастырып жатыр.
Бұған дейін екі команда үш рет кездесті, оның екеуі «Барыстың» жеңілісімен аяқталды.
Кездесу «Барыс Арена» мұз сарайы айдынында елорда уақытымен 17:00-де басталады.
Матч билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.hcbarys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.
Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport және KHL телеарналары, сондай-вқ Bas Sport сайты ұсынады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.