4 қазанда «Барыс» «Нефтехимикпен» болатын ойынмен қысқа үй айдынындағы ойындар сериясын жабатын болады.
Нижнекамск қаласының ұжымы чемпионатты сәтті бастады деуге келмес. Алайда Олег Леонтьевтің шәкірттері Астанаға қатарынан үш жеңістен тұратын сериямен келді. Жексенбі күні «Нефтехимик» сырт айдында «Тракторды» 2:1 есебімен жеңді. Павел Рядин мен Андрей Чивилев гол авторлары атанды. Қақпашы Эмиль Гарипов өзінің бұрынғы командасының қақпаға бағытталған 21 соққысын қайтарды. «Нефтехимик» бапкері өз командасының орындауындағы жұмылдырлған және агрессивті ойынды атап өтті.
«Нефтехимик» командасының қоржынында 13 матчтың қорытындысы бойынша 7 ұпай бар, бұл Шығыс конференциясындағы соңғы орын. Команданың үздік бомбардирі - Вячеслав Лещенко, оның еншісінде 11 (4+7) ұпай бар.
«Барыс» кезекті матчқа қатарынан үш жеңістен тұратын сериядан кейін кіріспек. Өткен турда қазақстандықтар өз айдынында овертаймда «Сочи» командасын 5:4 есебімен жеңген еді. Он ұпай көрсеткішіне жеткен Линден Вей қос шайба авторы атанды, Антон Сағадеев, Джереми Бракко және Энтони Луис бір шайбадан соқты. Андрей Скабелка сәтсіз басталған ойынды кейіннен өзгерте алғаны үшін өз командасына алғыс айтты.
13 кездесуден кейін 15 ұпаймен астаналықтар Шығыста алтыншы орынға табан тіреді. Джереми Бракко (12 ұпай, 4+8) бүгінгі таңда «Барыстың» үздік бомбардирі болып табылады. Джесси Грэм (11 пас) ҚХЛ-дың ең нәтижелі қорғаушылары қатарына кіреді. Бүгінгі ойынды медициналық себептермен Майкл Шапю өткізіп алуы мүмкін.
«Барыс» пен «Нефтехимик» тамыз айында Қазақстан астанасында өткен маусым алды турнирде кездесті. Ол ойында ҚРПК иелері 3:0 есебімен басым түскен еді.
«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан және біздің ticket.hcbarys.kz/ сайтынан сатып алуға болады.
Тікелей көрсетілім Qazsport арнасында болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.