ҚХЛ. Барыс – Авангард матчының алдында
06 Қазан 2021

ҚХЛ. Барыс – Авангард матчының алдында


«Барыс» «Авангардпен» өтетін ойынмен жаңа үй сериясын ашатын болады.

Гагарин Кубогының қазіргі иегері әлі де керемет ойын үлгісінен алыс. Чемпионаттың басында Боб Хартлидің командасы он екі матчтың алтауында жеңіп, әлі де Шығыс конференциясының көшбасшылар тобына кіре алмауда.. Өткен турда «Авангард» қонақта «Автомобилистке» 2:5 есебімен жеңілді. Соғылған шайбалардың авторлары - Оливер Каски мен Владимир Жарков. Қақпашы Шимон Грубец 27 соққыны қайтарды. Команданың үздік бомбардирі Корбэн Найт (13 ұпай, 7+6) өзінің бес матчтық нәтижелі сериясын үзіп, кездесуді (-2) пайдалылық көрсеткішімен аяқтады.

«Барыс» жексенбі күні «Локомотивпен» қонақта өткізген ойында ұпай жинай алмады. Айта кетерлігі Нұр-сұлтан қаласының ұжымы екі шайба түріндегі басымдықты уысынан жіберіп алды. Өзінің мергендік есептерін Кертис Волк (команданың үздік бомбардирі, 5+10 ұпай), Якоб Берглунд және Даррен Диц ұпайлармен толықтырды. Йони Ортио қақпаны көздеген 26 соққыны қайтарды. Никита Михайлис ұпай жинап, өзінің 11-матчтық сериясын үзді.

Қазақстан астанасында өтетін ойын алдында «Авангард» командасының жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Максим Гончаров пен шабуылшы Ярослав Косов болды. «Локомотивке» қарсы ойында жарақат алған қорғаушы Джо Морроу «Барысқа» көмектесе алмайды.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Авангард» өзара төрт кездесу өткізген еді. Командалар екі реттен жеңіске қол жеткізді, бірақ бір матчта овертаймда жеңілген Омбы командасы көбірек ұпай жинады.

 

«Барыс-Аренада» өтетін матч астана уақытымен 19:30-да басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 18:50-де басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында болады.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады. Матчтарға «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетініне назар аударуды сұраймыз.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,80 | Х – 4,15 | П2 - 2,20.

 

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы