ҚХЛ. «Барыс» – «Ақ Барс» матчы қарсаңында
06 Желтоқсан 2022

ҚХЛ. «Барыс» – «Ақ Барс» матчы қарсаңында

Маусымдағы «Барыс» пен «Ақ Барс» арасындағы үшінші кездесу Астанада өтеді. Бұған дейін екі команда да сырт айдында бір реттен жеңіске жеткен – 3:2 қазақстандықтардың есебіне, 2:1 Татарстан астанасы клубының пайдасына.

 Өткен аптада қазандықтардың бас бапкері ауысты. Олег Знароктың орнына бас бапкер міндетін атқарушы болып Юрий Бабенко тағайындалды. Ол бас бапкер болған алғашқы матчта «Ақ Барс» өз айдынында «Динамомен» кездесіп, овертаймда мәскеулік командадан жеңісті жұлып әкетті – 3:2. Оған қоса, ойынның аяқталуына бір минут қалғанда айдын иелері есепте артта келе жатқан еді. Дмитрий Воронковтың, Вячеслав Войнов пен Станислав Галиевтің дәл соққылары мен Амир Мифтаховтың 23 сейві командаға екі ұпай сыйлады.

Қазандық хоккейшілер 37 кездесуде 40 ұпай жинап, Шығыс конференциясында жетінші орында тұр. «Ақ Барстың» үздік сұрмергені Александр Радулов (13+12) жарақатына байланысты «Барысқа» қарсы кездесуге қатыса алмайды. Сондай-ақ, Василий Токранов, Динар Хафизуллин мен Михаил Глухов бүгінгі ойында өз командасына көмектеспейді.

Жексенбіде «Салават Юлаевпен» кездескен «Барыс» ойынның соңғы минуттарында матчты күтпеген бағытқа аударып, жігерлі жеңіске қол жеткізді (2:1). Аркадий Шестаков камбэктің жолын салып берсе, Егор Петухов маусымдағы 11-шайбасын соқты. Никита Бояркин қақпасына жасалған 21 соққының жиырмасын кері қайтарды.

Маусымдағы 39 матчтан кейін астаналықтардың қоржынында 35 ұпай бар. Әзірге бұл конференциядағы 9-орын , «Барысқа» плей-офф аймағына ену үшін бір-ақ ұпай жетпей тұр. Команданың үздік сұрмергені Линден Вей (13+9) соңғы үш ойын бойы ұпай еншілей алмай жүр. «Барыс» сапына шабуылшы Дмитрий Шевченко келіп қосылды.


Матч Астана уақытымен 19:30-да «Барыс-Арена» мұз сарайы айдынында басталады.


Ойын билеттерін «Барыс-Арена» кассаларынан және ticket.hcbarys.kz ресми сайтымыздан алуға болады.


Матчтың тікелей көрсетілімі Bas Sport сайтында ұсынылады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі