ҚХЛ. Барыс – Адмирал матчының алдында
13 Қазан 2022

ҚХЛ. Барыс – Адмирал матчының алдында

13 қазан күні «Барыс» үй айдынында «Адмиралмен» ойнайтын болады.

Владивосток қаласынан келген ұжым өзінің қонақтағы ойындар сериясын Новосібірде жергілікті «Сібірді» 4:2 есебімен жеңуден бастады. Бұл қазан айындағы «Адмиралдың» негізгі уақытта жеңіске қол жеткізген алғашқы ойыны болды. Глеб Зырянов, Рудольф Червени және қос шайба соққан Антон Берлев гол авторлары атанды. Бір қызығы, Зырянов пен Берлев үшін бұл голдар маусымдағы алғашқы голдары болды. Қақпашы Никита Серебряков болса қақпасына бағытталған 32 соққыны қайтарды. Команданың бапкері Леонид Табиев өз шәкірттерінің ойынға берілгендігін бағалап, сондай-ақ матчта соғылған алғашқы шайбаның маңыздылығын атап өтті.

17 кездесуден кейін «Адмиралдың» еншісінде 16 ұпай бар, бұл Шығыстағы жетінші орын. Владивосток қаласы ұжымының үздік бомбардирі - қорғаушы Либор Шулак (13 ұпай, 5+8), ол лигадағы осы көрсеткіш бойынша үздік 3 ойыншысының қатарына кіреді. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Ринат Валиев, Егор Рыков, сондай-ақ шабуылшылар Михаил Беляев пен Святослав Гребенщиков бар.

«Барыс» сейсенбі күні өз айдынында «Куньлунь» командасына есе жіберді. Астаналықтар қарсыластар қақпасына 28 соққы бағыттады, алайда олардың ешбірі нәтижелі болған жоқ. Андрей Скабелка баспасөз мәслихатында оның командасы жоспарды да, тактиканы да ұстанбағандарын және жекпе-жектерде қарсыласына есе жібергендерін айтты.

Қазақстандықтар да 17 матч өткізіп, «Адмиралдан» бір ұпай ғана алда тұр, бұл Шығыс конференциясының алтыншы орнына табан тіреуге мүмкіндік береді. Астаналықтардың үздік бомбардирі Джереми Бракко (13 ұпай, 5+8) соңғы үш ойын «үнсіз». Дмитрий Гурков әлі де жарақат алғандар тізімінде.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Адмирал» бір ғана кездесу өткізді. Владивостокта Қазақстан астанасынан келген ұжым 4:1 есебімен жеңді.

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан және біздің ticket.hcbarys.kz сайтынан сатып алуға болады.

Тікелей көрсетілім Qazsport арнасында болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2