ҚХЛ. «Ақ Барс» – «Барыс» матчы қарсаңында
01 Ақпан 2023

ҚХЛ. «Ақ Барс» – «Барыс» матчы қарсаңында

«Барыс» сырт айдындағы кездесулер сериясын «Ақ Барсқа» қарсы болар матчпен бастайды.

Қазандық клубтың бас бапкері ауысқаннан кейін қарқын алып, Шығыс конференциясы көшбасшыларының қатарына қайта қосылды. Соңғы бес кездесуде Зинэтула Билялетдиновтің шәкірттері еншілеуге мүмкін он ұпайдың тоғызын олжалады. Жексенбіде «Ақ Барс» өз айдынында «Тракторды» ойсырата жеңді (6:0). Станислав Галиев дубль жасап, Вадим Шипачев, Кирилл Петров, Дмитрий Кагарлицкий мен Александр Радулов бір-бір шайбадан өз пайдаларына жазды. Амир Мифтахов барлық 24 соққыға тойтарыс бере білді. Айдын иелерінің бас жаттықтырушысы командасының жақсы көңіл күймен ойнағанын, сондай-ақ сан басымдығында ойнайтын құрамның өнерін атап өтті.

«Ақ Барс» 57 кездесуде 73 ұпай жинаған. Александр Радулов (20+22) Татарстан астанасы ұжымында алғаш болып маусымда 40-тан көп ұпай жинаған ойыншы атанды. Қорғаушылар Никита Евсеев пен Марк Янчевский команданың жарақат алғандар тізімінде.

«Барыс» соңғы алты кездесуде ұпай еншілеп келеді. Соңғы ойында астаналық ұжым өз айдынында мәскеулік «Динамоға» овертаймда жол берді (1:2). Джереми Бракко нәтижелі соққысымен көзге түсіп (13+23), ұпайлар саны жөнінен жарақат алғандар тізіміндегі Линден Вейді қуып жетті (16+20). Энтони Луис 20 нәтижелі пастың авторы атанды. Андрей Скабелка бұл матчқа барлық көрсеткіштер бойынша маусымдағы ең үздік ойындардың бірі деп баға берді.

59 кездесуде жинаған 57 ұпай қазақстандық команданың Шығыс конференциясы плей-офф кезеңіне шығу үшін талас жүргізуге мүмкіндік береді. «Динамоға» қарсы ойында жарақат алған Дмитрий Гурков Линден Вейдің қатарына қосылды.

Биылғы тұрақты маусымда «Барыс» «Ақ Барспен» болған үш кездесудің екеуінде жеңіске жетті (3:2 және 3:2 Б).

 

Кездесу «Татнефть-Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Матч саны азайып бара жатқан қар барысын сақтау мәселесіне арналады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасы, сондай-ақ BasSport сайты ұсынады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2