ҚХЛ. Мұратов Барыста қаралымда
15 Шілде 2022

ҚХЛ. Мұратов Барыста қаралымда

«Барыс» хоккей клубы Батырлан Мұратовпен сынама келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қазақстандық шабуылдаушымен келісім 2022 жылдың 31 тамызына дейін жасалған.

Мұратов «Барыста» балалар ұжымынан бастап негізгі командаға дейін дамудың барлық сатыларынан өтті. ҚХЛ-да шабуылшы 11 матч өткізді.

Өткен маусымды Батырлан Финляндияның екінші лигасындағы «РоКи» клубында өткізді. Тұрақты чемпионаттың 49 ойынында ол 51 (19+32) ұпай жинады, бұл өз кезегінде оған командасының үздік бомбардирі атануға мүмкіндік берді. Плей-офф кезеңінде Мүратов 10 кездесу өткізіп, өз еншісіне тағы 6 (2+4) ұпай жазды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады