ҚХЛ. Михаил Григорьев мансабын Барыста жалғастырады
05 Шілде 2022

ҚХЛ. Михаил Григорьев мансабын Барыста жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы Михаил Григорьевпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қорғаушымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Қорғаныс шебінің тәжірибелі ойыншысы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс –2012-13 жылғы маусымда Михаил «Барыс» сапында өнер көрсеткен. ҚХЛ-дағы мансабында Григорьев «Авангардта», «Спартакта», «Динамода» және басқа да командаларда ойнады. Өткен маусымды хоккейші Магнитогорск «Металлургінде» өткізіп, Гагарин Кубогының финалына дейін жетті. 24 матчта (плей-оффтағы 5 ойында қоса алғанда) ол екі нәтижелі пас берді.

Михаил Григорьев

Туған күні: 01.02.1991.

Бойы: 176 см.

Салмағы: 82 кг

Сырғытпатаяқты ұстау: оң жақ.

«Салават Юлаев» сапында 2011 жылғы Гагарин Кубогының иегері.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысады