«Куньлунь Ред Стар» - «Барыс» матчынан кейін (1:2 ОТ), командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері
- Жақсы матч, әсіресе бірінші және екінші кезеңдері ұнады. Жігіттер көп гол соқпағанымен, жақсы жылдамдық ұсына білді. Мұнда қақпашының да сіңірген еңбегі зор. Қазір жігіттерде жеңіске жету үшін көп мотивация жоқ, дегенмен ойынды ойдағыдай өткізіп, жеңіске қол жеткізгеніміз үшін командаға ризамын. Келесі матчқа дайындаламыз. Бояркин сенімді өнер көрсетті, керек жерінде командаға көмектесті. Аңсар Шайхмедденов таңертең ауырып, өзін жайсыз сезінді. Дене қызуы көтеріліп, матчқа қатыса алған жоқ.
Грег Айрленд, «Куньлунь РС» ХК бас бапкері
- Мытищи біздің үйімізге айналып кетті, сондықтан осы маусымдағы өз айдынымыздағы соңғы ойында жеңіліс тапқанымыз үшін көңіліміз түсті. Овертаймда болса да. Өте ұзақ маусым. Әдеттегі мәселелермен тағы да бетпе-бет келдік – ережені көп бұздық. Десе де, матчтың соңына дейін ойнадық. Кем құрамда өнер көрсететін арнайы жасақ жақсы ойнады. Алайда овертаймда қарсылас сан басымдығын сәтті жүзеге асырып, шешуші голды соғып кетті. Айып уақытын бұлай көп алған матчтаржа жеңіске жету қиын. Жігіттерге әрдайым айдыннан аз қуылуыға тырысу керектігін айтамыз. Иә, плей-офф кезеңіне өте алмадық, бірақ команда соңына дейін ойнап жатыр. Осындай жағдайға қарамастан, жігіттердің соңына дейін күресіп жатқанына қуаныштымын.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.