ҚХЛ. Барыстың наурыз айында көрсеткен ойынына ERG-ден қорытынды
11 Наурыз 2022

ҚХЛ. Барыстың наурыз айында көрсеткен ойынына ERG-ден қорытынды


 

Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыстың» наурыз айында көрсеткен ойынын қорытындылаймыз. Бұл жарияланым біздің серіктесіміз – Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен дайындалды.

Наурыз айында Юрий Михайлистің шәкірттері ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының ¼ финалы аясында бес матч өткізді. Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Металлургпен» өткен серия Магнитогорск ұжымының пайдасына 4-1 есебімен аяқталды. Барлық кездесулер негізгі уақытта аяқталғанын айта кету керек.

Плей-оффта Кертис Волк пен Коди Куник «Барыстың» үздік сұрмергендері атанды, олар 4 (1+3) ұпайдан жинады.

Якоб Берглунд 3 шайба соқты, бұл біздің командамыздағы ең үздік көрсеткіш болып табылады.

Плей-оффта Қазақстандықтардың құрамында Джо Морроу үздік ассистент болды. Сондай-ақ ол 4 нәтижелі паспен, «Барыстың» ең нәтижелі қорғаушысы болып табылады. Сонымен қатар, Морроу мұзда бәрінен көп уақыт өткізді - орташа есеппен 22 минут 59 секунд және оның есебінде 9 бұғатталған лақтыру бар (бұл командадағы ең үздік нәтиже).

Күштік тәсілдер бойынша команданың көшбасшылары Егор Петухов пен Кертис Волк болды. Екі шабуылшының есебінде 8 хиттан бар.

Линдей Вей мен Джо Морроу «Барыстың» басқа ойыншыларына қарағанда қарсыластарын өздеріне қарсы фол жасауға көбірек мәжбүр етті. Екеуі де өз командасы үшін 3 рет көпшілікте ойнауға мүмкіндік берді.

Коди Куник ұтып алынған шайба тастаулар бойынша «Барыстың» көшбасшысы атанды. Оның есебінде нүктелердегі жеңістердің 56%-ы бар.

«Барыстың» екі қақпашысы да плей-оффта өздерінің үздік ойынын көрсете алмады және тойтарылған соққылар көрсеткіші бойынша тіпті 90% белгісіне дейін жете алмады. Йони Ортио қарсыластар қақпаға бағыттаған 108 соққының 94-ін (87%) қақпаға дарытпады. Никита Бояркиннің есебінде қақпаға бағытталған 65 соққыдан кейін 58 құтқару бар (89,2%).

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады