ҚХЛ. "Динамо Минск" – "Барыс". Матч алдында
22 Қазан 2019

ҚХЛ. "Динамо Минск" – "Барыс". Матч алдында

 "Барыстың" көшпелі сериясы сейсенбі күні Минскідегі матчпен басталады, онда біздің команда "Динамомен" ойнайды. "Барыс" өз алаңындағы серияны "Витязьді" овертаймда жеңумен аяқтады – 3:2. Дубль, соның ішінде, жеңіске жеткен шайба – Дастин Бойд есебінде, тағы бір голды Антон Сагадеев соқты. Біздің негізгі уақыттың шегінен тыс шыққан қатарынан үшінші матч, "Барыс" төрт матчтық жеңіс сериясын есепке ала отырып, 7 матчта қатарынан ұпай жинай бастады. Шығыс Конференциясының кестесінде қазақстандық команда 3-ші орынға жайғасты – 18 ойында 26 ұпай. Виктор Сведберг, Талғат Жайлауов және Ииро Пакаринен – жарақат алған ойыншылар тізімінде. Валерий Орехов жарақат алғандар тізімінен шығарылды, командамен сапарға шықты.

"Динамоның" ойынға жақсы көңіл-күйі жоқ – "Витязь" және "Торпедомен" соңғы екі ойында Крэйг Вудкрофт командасы тоғыз шайба жіберіп, бірде-бір шайба соққан жоқ. "Торпедомен" өз алаңындағы матчта алаң иелері бірінші үзіліске дейін үш рет жіберіп, 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Сонымен қатар, "Динамо" ойыншыларының 24 соққысының ешқайсысы гол болған жоқ. Белоруссия командасы 18 ойында 6 жеңіске жетіп, Батыс Конференция кестесінде 10-шы орынға жайғасады. Жарақат алғандар тізімінде бес хоккейші: қақпашы Александр Осипков, қорғаушылар Дмитрий Дерябин, Стефан Эллиотт, Тему Пулкинен, Илья Казьянин.    

Минскідегі матч сағат 22:10-да басталады.
Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасы жүргізеді.
Fonbet – "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 3,10 | Х - 4,10 | П2 - 2,05. Толығырақ сілтеме бойынша

 "Барыс" ХК-ның бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2