ҚХЛ. Барыс өткен маусымдағы үздік бомбардирін сақтап қалды
28 Шілде 2022

ҚХЛ. Барыс өткен маусымдағы үздік бомбардирін сақтап қалды

«Барыс» хоккей клубы Никита Михайлиспен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Шабуылшымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Қазақстан құрамасының шабуылшысы өзінің бүкіл мансабын «Барыс» жүйесінде өткізді. Жалпы ҚХЛ-да Никита 353 матч өткізіп, 180 (84+96) ұпай жинады.

Өткен маусым спортшы үшін мансабындағы үздік маусым болды. Ол 44 (18+26) ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша «Барыстың» үздік сұрмергені атанды. Михайлис плей-офф кезеңінде өз еншісіне соғылған шайба мен нәтижелі пасты жазды.

Мамыр айында шабуылшы элиталық дивизионда әлем чемпионатында өнер көрсетті. 7 кездесуде ол өз еншісіне 6 (2+4) ұпай жазды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы