ҚХЛ. Барыс (көктер) – Барыс (ақтар) 2:0
08 Тамыз 2021

ҚХЛ. Барыс (көктер) – Барыс (ақтар) 2:0

Бүгін «Барыс» Мичурино базасында екінші екі жақты матч өткізді. Бұл ойында «көктер» командасы жеңіске жетті. Соғылған шайбалардың авторлары Кристиан Томас және Коди Куник. Жеңімпаздар құрамында Йони Ортио және Никита Бояркин ойынның жартысынан өткізіп, мұз айдыннан шайба жібермей кетті.

Буллиттер сериясында «ақтар» дәлірек болды. Шешуші шайба Кертис Волк есебінде.

«Көктердің» құрамы: Йони Ортио, Никита Бояркин, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Даррен Диц, Артём Королев, Валерий Орехов, Станислав Александров, Олег Бойко, Дмитрий Гурков, Алексей Зубов, Әли Қасенов, Коди Куник, Кристиан Томас, Роман Старченко.

«Ақтардың» құрамы: Андрей Шутов, Олле Альсинг, Илайджа Вилио, Эрик Мартинссон, Максим Минеев, Роман Савченко, Егор Шалапов, Әлихан Әсетов, Кертис Волк, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Алдияр Нұрлан, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Аңсар Шайхмедденов.

Якоб Лилья медициналық себептермен матчқа қатысқан жоқ. Ол жаттығулардың бірінде аздап жарақат алып, қазір жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеуде.

Осы ойынмен «Барыс» «Мичурино» базасындағы жиын циклін аяқтады. Енді команда Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының басталуына қорытынды дайындық үшін «Барыс-аренаға» қайта оралады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты 1 қыркүйекте басталады

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың 2026/27 маусымына арналған бапкерлер құрамы

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» бірқатар ойыншылармен келісімшарт жасасты