ҚХЛ. «Барыс» – «Сибирь». Бапкерлер пікірі (видео)
16 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Барыс» – «Сибирь». Бапкерлер пікірі (видео)

«Барыс» - «Сибирь» матчынан кейін (1:2) командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Мартемьянов, «Сибирь» ХК бас бапкері

- Болжағанымыздай күрделі матч болды. Қарсыласымыздың сегізідкке ену үшін барын салатынын білдік. Солай болды. Бүгін тас қамал қорғаныс құра білген жігіттерге ризамын. «Барыс» гол соғу үшін көп тырысты. Қақпашымыз жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жақсы шайбалар соқтық. Осы мені қуантты. Жігіттердің жеңіске деген жігер таныта білді. Әйтсе де, мін тағуға болатын тұстар бар. Новосібірге барған соң, сол сәттерді талдаймыз. Ойын құрамына қатысты да бірқатар мәселелер бар, алайда олардың шешімін табуға болады.

- Бірінші кезеңде алғашқы үштіктің ойынға бірден қосылмауы, голға әкеліп соқты.

- Екеуі ойынды бірден сезінді, біреуі ғана қосылған жоқ.

- Матчтан кейін Александр Шаровқа не айттыңыз?

- Оның ойын сапасына келер болсақ, жоғары деңгейде өткізген матчтарының бірі болды. Қатесіз ойнады деуге де болады. Қарсыласқа жақсы қысым көрсетті, қақпа алдында жақсы ойнады. Бүгінгі ойын маусымдағы ең жақсы ойындарының бірі екенін сөзсіз.

- Шәкірттеріңіздің екінші кезеңде 13 минут бойы қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасамағанына көңіліңіз толмаған болар...

- Әрине, толған жоқ. Қарсылас өте мықты қысым көрсетті. Шайбаны өзімізде көп ұстадық, қақпа артында көп ойнадық. Бұл туралы сөйлескен жоқпыз, алайда бұл көрсеткішпен жұмыс істейміз. Өз аймағымыздан шығу сәттерін әр жаттығу сайын қарастырып, жақсартып отырамыз. Бірақ бүгін шайбаны өзімізде тым көп ұстадық. Бірақ бірінші кезеңде мұндай болмаған. Шайба қорғаушылардың ортасында жүріп, шабуылды жақсы бастағанбыз. Екінші кезеңде бұлай болады деп ешкім ойлаған жоқ. «Барыс» екінші жиырма минуттықтаөткір шаубылдар ұйымдастырды, ал біз өте жақсы қорғана білдік.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері

- Жеңісті жолымызды жоғалтып алдық. Нашар ойнадық деп айта алмаймын. Көп күш жұмсадық. Бірінші кезеңде екі команда да теңдей өнер көрсетті деуге болады. Екінші жиырма минуттықта да жақсы ойнадық. Қорытынды кезеңнің көп бөлігін шаубылда өткіздік. Бізді қарсыластарымыз ойыннан өзгеге сәл ауып кеткен назарымыз үшін жазалап келеді. Шайбалар қақпамызға оңай соғылды. Ал біз нәтижелі соққыға көп еңбекпен жетіп жүрміз. Осыны өзгертуге тырысамыз. Алдымызда тағы да күрделі матчтар сериясы тұр. Араға күн салып алты матч ойнаймыз. Ертең демалып, дайындықты әрі қарай жалғастырамыз.

- Трансферлік кезең аяқталды, тұрақты маусымның аяғына дейін үзіліс жоқ. Жағдайды жөндеудің қандай жолдарын көріп тұрсыз?

- Біз осы командамен маусым басынан бері бірге келеміз. Ойыншыларды алмастырған жоқпыз, сондықтан ішкі резервтерді ғана қолданамыз. Жігіттер ойнай алады, олар мұны бір рет дәлелдеген жоқ. Жеңіске де жете алады. Қиыр Шығыста жеңісті жолымызды жоғалтып алдық. Ойланамыз, өзгертудің жолын іздейміз. Қазіргі жайымызға ешкімнің көңілі толмайды: біздің де, команданың да.

- Осы маусымдағы «Сибирьмен» матчтар тартысқа толы. Есептегі айырмашылық әрі кетсе екі шайба ғана. Бұған екі команда ойнау стилінің ұқсастығы себеп пе?

- Мүмкін, солай шығар. «Сибирьдің» жағдайы басқаша. Олар турнирлік кестеде алда келеді. Жеңіс үшін ойнауға бейімделіп алды. Басымдықты қарсыласына беріп қойғандай көрінеді, десе де олар әр матчта осындай ойын өрнегін көрсетеді. Біз шайбамен көп ойнаймыз, әдемі шабуыл ұйымдастырғымы зкеледі және гол соғатын сәттер жасаймыз, алайда 60 минут бойы бір деңегйде ойнап шығу әзірге қолымыздан келіңкіремей тұр.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2