ҚХЛ. Барыс - Куньлунь РС. Жаттықтырушылардың баспасөз конференциясы (бейне)
11 Желтоқсан 2021

ҚХЛ. Барыс - Куньлунь РС. Жаттықтырушылардың баспасөз конференциясы (бейне)

«Барыс» - «Куньлунь РС» матчынан кейін (7:4) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


Ивано Занатта, «Куньлунь Ред Стар» бас жаттықтырушысы

- Сөзсіз матчты біз ширақ бастадық. «Барыс» алдыңғы ойыннан кейін біршама шаршаңқы болғанын байқадық. Қатарынан екі матч ойнау қашан да қиын. Содан кейін болса біз қарсыласымызға көпшілікте ойнап гол соғуға мүмкіндік бердік. Ал «Барыс» сияқты командаға көп мүмкіндік қажет емес, және де бұл гол жалынға ұласқан ұшқын болды.

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас жаттықтырушысы

- Ойынды жақсы бастадық, бірінші ауысымнан бастап қарсыласты өз аймағында қамап, қозғалыста болдық, қақпаға қауіп төндірдік. Бірақ шайба қақпаға дарымай қойды. Кешегі ойыннан кейін қалыпқа келіп үлгермедік-ау деймін. Бұрыс әрекеттер қателіктер мен үш голға әкеп соқты. Никита Бояркин қақпаға тұрып, бірнеше жақсы сейв жасады, және бұл өз кезегінде біздің командаға сенімділік ұялатты. Азшылықта гол соқтық, Егор Петухов тамаша ойын өрнегін көрсетті. Команданың рухы көтеріліп, тез әрі агрессивті хоккей ойнай бастады. Мүмкін бүгінгі ойын көрермендерге ұнаған болар, бірақ жаттықтырушыларға емес.

- 32-минутқа дейін үнемді режимде ойнап, кейін белсендірек ойнай бастағандай көрінді.

- Кеше өте кеш аяқтадық. Таңертеңгі жаттығуда жігіттер толық қалпына келмегендері көзге бірден түсті. Ең бастысы, біз өз ағзамызды көндіріп, жұмыс істете алдық. Бәрі жарады.

- Неліктен матчтың алғашқы минуттарынан бастап Никита Бояркин қақпаны қорғамады?

- Йони келіп, ойнауға дайын екенін айтты. Соңғы матчтарда ол өзінің шеберлігін паш етіп, командаға көп көмектесті. Біз оған сенімді болдық. Бірақ ойын жүрмеді, кей кездері жігіттер оған қақпаға бағытталған шайбаларды қалқалауға көмектеспеді. Менің ойымша, оған демалыс беру керек еді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2