ҚХЛ. Барыс – ЦСКА. Баспасөз конференциясы (бейне)
21 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – ЦСКА. Баспасөз конференциясы (бейне)

«Барыс» - ЦСКА (1:2 ОТ) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Сергей Федоров, «ЦСКА» бас жаттықтырушысы

- Шиеленіске толы ойын болды. Менің ойымша, екі команда да голға дейін өте жоғары жылдамдықта ойнады. Екі команда да шайбамен керемет ойнады, қақпа алдына шайбаны жылдам жеткізіп отырды. Екі команданың да қорғаушыларына қорғану қиынға түсті. Ойын динамикаға толы және тамаша көрінді. «Барысты» шайбамен ойнауды жақсы көретін және білетін тамаша команда деп санаймын. Дегенмен біз ойынның белгілі бір бөлігін тұрақтандыра алдық. Біздің ойыншылар бірнеше рет ойыннан қуылды, бұл өз кезегінде біздің қозғалыс ырғағымызды біршама бұзды. 0:1 есебімен жеңіліп жатқан кезде мұндай жағдайдан шығу әрдайым мүмкін бола бермейді. Қақпаға сан мәрте қауіп төнгенімен, қақпашылар керемет ойын көрсетті. Ойын маған өте ұнады.

Юрий Михайлис, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

- Ойын барысында команданы қызу қолдаған жанкүйерлерімізге көп рахмет айтқым келеді. Матчтың бірінші секундынан бастап соңына дейін бар күшін салған командаға рахмет. Біз ойынды өте мықты бастадық және бірінші, екінші мен үшінші кезеңдерде ойынды толықтай бақылауымызда ұстадық. Бұл біздің жетістігіміз, себебі алдыңғы кездесулерде біз екінші және үшінші кезеңдерде ойын тізгінін қолымыздан шығарып алып, сәтсіздікке ұшыраған едік. Ал бүгін үш кезеңді де тез, белсенді ойнадық, өте жақсы қимылдадық, ЦСКА қақпасына талай рет қауіп төндірдік. Бірақ сәттілік бүгін қарсыластың жағында болды.

- Сіздің ойыңызша, бүгін шайбаны бақылауында кім жақсы ұстады?

- Біз бүгін ойынды басым болдық, «ЦСКА» қақпасына сан мәрте қауіп төндірдік, бірақ шайба қақпаға дарымады. Біздің тарапымыздан барлық әрекеттер қақпаға бағытталғанына қарамастан. Мен жігіттерді мақтадым, олар тұрақты ойнады, әр кезеңде күш салу керек деген жауапкершілік пайда болды.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2