«Барыс» - «Автомобилист» (5:4 Б) матчынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Николай Заварухин, «Автомобилист» ХК бас бапкері
- Жақсы ойын. Иә, жанкүйерлерге ұнайтындай матч өтті, көп гол соғылды. 3:1 есебімен алда тұрып, екінші кезеңде керек емес айып уақыттарын алды. Солай өзіміз бақылауда ұстап тұрған матчтың тізгінін қолдан беріп қойдық. Одан әрі қарай да жігіттер берілмей, соңынан дейін жұмыс істеді. Романовты буллиттер сериясында жасаған дебютімен құттықтаймын. ҚХЛ-дағы алғашқы ойыны, жақсы өнер көрсетті, бір ғана соққыға жауап қайтара алмай қалды. Шеберліктің жетіспеуі буллиттер соққысында жеңілуімізге әсер еткен болар.
- Ойында көп гол соғылуы жанкүйерлер үшін қуаныш, ал бапкерлерге бұл аса ұнай қоймайтыны анық. Бүгін шабуыл жақсырақ болды ма, әлде команда қорғаныста нашар өнер көрсетті ме?
- Бүгін екі команда да жақсы голдар соқты. Бапкерлердің көп гол соғып, аз шайба жібергісі келетіні түсінікті. Бірақ бұл спорт және біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз.
- Кертис Волк пен Джесси Блэкердің ойынына қандай баға бересіз және команданың көшбасшы қатарында болуына қосып жатқан үлестері қандай?
- Команданың алдыңғы қатарда жүруіне олардың қосқан үлесі зор. Қазір әр ойыншының маңызы жоғары. Олар – командаға ұпай олжалауға көмектесетін көшбасшылар.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері
- Эмоцияға толы, жақсы матч. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Көптен бері өз жанкүйерлеріміздің осындай жеңіске қол жеткізген жоқпыз, жалпы осы маусымда мұндай матчтарды аз өткіздік. Қателіктерге қатысты пікір айтудың қажеті жоқ. Өз қақпамызға екі гол жіберіп алғаннан кейін жасымаған жігіттерге алғыс айтқым келеді. Ойынға қайта тез орала білдік. Ұпай үшін күресіп, буллиттер сериясында жеңісті жұлып алдық. Біз үшін маңызды жеңіс. Жігіттерге рақмет! Керемет атмосфера үшін жанкүйерлерге ерекше алғыс.
- Бүгін Андрей Шутов қосалқы қақпашы болды. Ол командамен бірге сырт айдындағы ойындарға аттана ма?
- Барлығы Гудачектің жағдайына байланысты болады. Ол ауырып қалды. Бәлкім, барады.
- Шевченко 16 минуттан көп ойын уақытын алып жүр. Артқан сеніміңізді ақтап жүр ме?
- Ол өзіне артылған сенімді толығымен ақтап жүр. Қарсыластарға жақсы қысым көрсетеді. Артық құрамда да, кем құрамда да ойнайды. Бізге қақпа алдындағы жақсы ойын мен қарсыластың қорғанысына көрсетілетін қысым жетіспейді деп айтқанмын. Шевченко сондай ойыншылардың бірі.
- Шапю гол соға бастады, жарақатынан толық айықты ма?
- Шапюдің көп ойындарда нәтижелі ұпай еншілемей жүргені туралы көп сұралды. Оның жоғары деңгейде өнер көрсетуіне жарақаттары кері әсер етіп, ойынға толық ене алмай жүрді. Ол – жақсы ойыншы.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.