ҚХЛ. Барыс-Авангард. Матч алдында
16 Ақпан 2021

ҚХЛ. Барыс-Авангард. Матч алдында

"Барыс" халықаралық үзілістен кейін ҚХЛ-да өнер көрсетуін қайта бастайды. Бүгін Нұр-Cұлтандық команда "Авангардпен" өтетін матчпен өз алаңындағы қорытынды серияны ашпақ.

Өткен турда Боб Хартлидің командасы ригалық "Динамоны" сенімді түрде жеңді - 5:1. Дубльдермен команданың үздік бомбардирі болып табылатын Рид Буше (45 ұпай, 22+23) және Клим Костин көзге түсіп, Сергей Толчинский де өз есебіне бір шайба қосты. Қақпашы Игорь Бобков өз активіне тойтарыс берген 23 голды жазып алды.

Бүгінгі таңда "Авангард" Шығыс конференциясында екінші орында. 55 матчта команда 77 ұпай жинады. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Максим Чудинов, сондай-ақ шабуылшылар Илья Ковальчук, Иржи Секач және Наиль Якупов бар.

"Барыс" сырт алаңда өткен ойында "Металлургке" есе жіберіп алды - 2:3. Филип Вароне қарсыластар көңілін екі мәрте бұзды. Қақпашы Хенрик Карлссон 33 шайбаға тойтарыс берді.

Қазіргі уақытта Юрий Михайлистің шәкірттері Шығыстағы кубоктық сегіздік соңында тұр. 52 ойыннан соң "Барыстың" есебінде  62 балл бар. Қақпашы Йони Ортио, қорғаушылар Виктор Сведберг және  Леонид Метальников әлі де ауруханада. Мэттью Фрэттин жеке бағдарлама бойынша жұмысын жалғастыруда. Команданың үздік бомбардирі Якоб Лилияның қоржынында 35 (20+15) ұпай бар.

Ағымдағы маусымда қарсыластар екі бетпе-бет жекпе-жек өткізді. Қараша айында Нұр – Сұлтанда ресейлік ұжым жеңіске жетті-5:2. Желтоқсанда "Барыстың" сапары сәтті аяқталды-3:1.

"Барыс-Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ арналарында.

"Барыс" ХК-ның  Fonbet  ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады:  П1 – 2,85 | Х – 4,20 | П2 - 2,15.

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2