ҚХЛ. "Барыс" - "Адмирал". Матч алдында
05 Қыркүйек 2019

ҚХЛ. "Барыс" - "Адмирал". Матч алдында

"Барыс" ҚХЛ-ның 12-ші маусымын өз алаңында "Адмиралға" қарсы өткізеді. Кездесу 3-ші қыркүйек күні" Барыс Аренада" өтеді.
"Барыс" тамыз айында ҚР Президенті Кубогында, жаңартылған алаңдағы төрт матчты жеңіп алды. Команданың маусымаралық көрсеткіштері – 5 жеңіс, 3 жеңіліс (1 овертаймда). Тамыздық матчтарда команданың үздік бомбардирі Қазақстан құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеев болды. "Адмиралмен" болатын матч алдында "Барыс" капитанның, сондай-ақ алдағы маусымға ассистенттердің атын жариялайды. Форвардтар Роман Старченко мен Дастин Бойд статистикалық жетістіктер табалдырығында тұр-Старченкоға ҚХЛ--ғы 1150 гол көрсеткішіне  жету үшін екі шайба салу ғана қалды, Бойдта қазіргі уақытта 148 нәтижелі беріліс бар.  
"Барыстың" жарақаттанғандар тізімі бос.

"Адмирал" өз тарихында алтыншы рет ҚХЛ маусымын сырт алаңда бастайын деп отыр.  Сергей Светловтың командасы маусым алдындағы кезеңде 12 матч өткізіп, 6 жеңіске жетті. Үздік бомбардир-форвард Мартин Бакош (4+5). 
Қазақстанға "Адмирал" келесі құрамда ұшып келді.
Голкиперлер: Иван Веремчук, Антон Красоткин, Юхо Олкинуора;

Қорғаушылар: Адам Альмквист, Никита Бобряшов, Кирилл Дьяков, Руслан Ибатуллин, Юрий Козловский, Шон Лалонд, Иван Мищенко, Степан Островский, Александр Угольников;

Шабуылшылар: Мартин Бакош, Владимир Бутузов, Денис Вихарев, Кирилл Воронин, Глеб Зайцев, Константин Глазачев, Александр Коннов, Иван Лапшин, Иван Лисин, Олег Ломако, Александр Мерескин, Юрий Петров, Дмитрий Сидляров, Александр Стрельцов, Василий Стрельцов, Маркус Юнг.

Константин Глазачев ҚХЛ-ғы мансабын "Барыста" бастаған. Өткен маусымда Олег Ломако Леонид Метальниковпен бірге "Сарыарқа" ЖХЛ чемпионы атанды.
 
Маатчтың басталуы "Барыс Аренада" Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей көрсетілімі "Qazsport" және "КХЛ-TV" телеарналарында.
Жанкүйерлерге арнап автобустар ұйымдастырылған.
Ойындар мен билеттер туралы ақпарат осы жерде қолжетімді.

Маусымды "Адмиралмен" болатын матчпен ашамыз.
Маатчтың басталуы "Барыс Аренада" Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей көрсетілімі "Qazsport" және "КХЛ-TV" телеарналарында.
Аренадағы автобустар, ұтыс ойындары мен билеттер туралы ақпарат осында қолжетімді.

"Барыс" ХК бас серіктесі- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2