
«Барыс» көшпелі сериясын «Авангардпен» кездесіп аяқтайды.
Дүйсенбі күні Омбы ұжымы «Куньлунь» командасын 5:1 есебімен жеңді. Салынған шайбалардың авторлары Кирилл Семенов, Александр Хохлачев, Корбэн Найт және дубль жасаған Иржи Секач болды. Қақпашы Шимон Грубец 37 соққыны қайтарды.
Қазіргі уақытта Боб Хартлидің шәкірттері Шығыс конференциясында екінші орынды алып отыр. «Авангард» командасының активінде 36 матчтан 46 балл жиналып тұр. Жарақат алғандардың тізімінде - Андрей Стась пен Наиль Якупов.
«Барыс» өзінің өткен матчында овертаймда «Торпедоны» 3:2 есебімен жеңді. Негізгі уақытта Мэттью Фраттин мен Даррен Диц дәл лақтырулармен көзге түсті. Қонақтарға жеңісті Якуб Лилья әкелді. Йони Ортио өзінің активіне 33 қайтарылған соққыны жазып, маусымда оныншы рет жеңіске жетті.
Нұр-Сұлтан командасы Шығыс конференциясында сегізінші орында орналасқан - 34 жекпе-жекте 39 ұпай. Виктор Сведберг командаға әлі де көмектесе алмайды, ол жарақат алғандардың тізімінде.
«Барыс» пен «Авангард» арасындағы тұрақты чемпионаттың төрт матчының алғашқысы қараша айында Қазақстан астанасында өтті. Содан кейін омбылықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч «Балашиха» аренасында елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport, КХЛ-ТВ және КХЛ-ТВ HD-да өтеді.
Fonbet - ресми букмекерлік компаниясы алдағы «Барыс» ХК матчына келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 1,50 | Х – 5,00 | П2 - 5,50.
«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.