ҚХЛ. Адмирал-Барыс. Матч алдында
26 Ақпан 2020

ҚХЛ. Адмирал-Барыс. Матч алдында

 "Барыстың" тұрақты чемпионаттағы соңғы екі матчы Қиыр Шығыста өтетін болады. Олардың біріншісі - дүйсенбі күні "Адмирал" командасымен өтеді. "Барыс" Владивостокқа легионерлерсіз келді, Қазақстан астанасында Никита Михайлис пен Даррен Дицті қоса алғанда, 13 ойыншы қалды. Делегация құрамында  жас жігіттер көп, олар үшін алдағы уақыттағы  матч ҚХЛ-да дебюты болады. Бұған дейін сенбі күні "Барыс" өз алаңында "Салават Юлаевтан" – 2:1 есебімен басым түсті. Сергеевтің голына алаң иелері Никита Михайлис пен Кертис Волк өз шайбаларымен жауап берді. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс"  "Авангардқа"  кездесудегі 60 матчта 82 ұпайы есебімен жақындады. Роман Старченко мен Виктор Сведберг - жарақат алғандар тізімінде. 

Сенбі күні "Адмирал"  "Динамо"-ны  3:1 есебімен жеңе отырып, салынбаған шайбаларсыз жеңіліс сериясын үзді. Ригалықтардың қақпасына  Никита Коростелев, Денис Вихарев және Маркус Юнг бір-бір шайбадан кіргізді. Қақпашы Александр Трушков өз қақпаларсында лактырылған шайбалардың 96% қағып алды. ҚХЛ алаңында "Барыс" командасының сапында өнер көрсеткен Константин Глазачев мерейтой қарсаңында алдыңғы шепте тұр – Лигада оның 299 ұпайы бар. Қорғаушы Шон Лалонд (53 ойында 7+19) шеттетілгендіктен, алдағы матчқа қатыспайды. "Адмирал" 60 матчта 56 ұпай жинап, Конференция кестесінде 11-орынға жайғасады. Осы маусымда Сергей Светлов "Барыстың" үш кездесуінде жеңіске жетті. Жарақат алғандардың тізімінде – қорғаушылар Адам Альквист және Григорий Желдаков, шабуылшы Алексей Дробин.

Владивостокта матч астана уақытымен сағат 13: 00 басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ-ТВ телеарналарында өтеді.
Fonbet – "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1-1,62 / Х-4,50 / П2-4,45. Толығырақ мына сілтеме бойынша

  "Барыс" ХК Бас серіктесі – "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2