ҚХЛ. «Адмирал» – «Барыс». Бапкерлер пікірі
09 Қаңтар 2023

ҚХЛ. «Адмирал» – «Барыс». Бапкерлер пікірі

«Адмирал» - «Барыс» матчынан кейін (3:0) командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас бапкері

- Матчта жеңіске жету үшін энергия жетіспеген болар. Жігіттерге мін тағу қиын. Көп тырысты, 20-дан астам соққыға тосқауыл қойды. Шабуылда энергия жетіспеді. Жеті күн ішіндегі бесінші матч. Күрделі күнтізбе. Командаға атқарылған жұмыс үшін алғыс ғана айта аламын. Бүгін ұпай еншілей алмадық. Хабаровскідегі матчтар үшін өкініш көп. Келесі ойындарға дайындаламыз.

 – «Адмирал» тарапынан көп соққы жасалды, тіпті кейбірі күтпеген жерден. Бұл команданың ойнау стиліне психологиялық тұрғыдан әсер етті ме?

– Олай айтпас едім. Бірінші кезекте бізге қарсылас аймағында көбірек ойнау үшін энергия жетіспеді. «Адмиралдың» кез келген аймақта және жағдайда соққы жасағаны белгілі әрі түсінікті және олар өз дегеніне жетті. Бүгін артық құрамда онша көп ойнаған жоқпыз, бірақ оны тиімді жүзеге асыру қолымыздан келген жоқ. Сондай-ақ, бүгін өзіміз де көп айып уақытын алдық.

Леонид Тамбиев, «Адмирал» ХК бас бапкері

- Бүгін ойлаған көп нәрсеміз жүзеге асты. Шабуылы сапалы болған матчтардың бірін өткіздік. Арты нәтижеге ұласатын өте көп сәттерді жасадық, көп соққы жасадық. Жігіттердің шабуылдағы әрекеттерінің көбі жақсы жүзеге асты. Бүгін матч бойы басымдық біздің жағымызда болды деп есептеймін, лайықты жеңісімізге қол жеткіздік. Бұнымен тоқтап қалмаймых, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Осындай ойын өрнегін көрсетуді жалғастыра беру керек.

Кеше ғана ойыншыларға артылатын сенім туралы айтқан едіңіз. Бүгін Гутик пен Хомченко сол сенімге ие болып, ақтап шықты ма?

– Команданың қосалқы құрамындағы ойыншылар жақсы ойын өткізіп, өзгелерге жақсы энергия бере білді. Олар осы ойынын сақтап қалуы керек деп есептеймін. Бұл хоккейде бәрі мүмкін екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Жігіттерге мүмкіндік берілді, олар оны қолдана білді. Бапкерлер құрамы үшін жағымды бас ауруы десек те болады. Құрамнан тыс қалған ойыншылар кішкене ойлансын. Ешкім артық мақтау сөз естімейді, десе де бұл керемет. Демек, біз жақсы қосалқы құрам дайындағанбыз. Бұл одан әрі қарай да жалғасын тапса деймін.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады