Қазақстан Қытайды жеңіп, Азия чемпионатының кестесін жалғыз өзі бастап тұр, Мұратов дубль жасады
22 Қараша 2025

Қазақстан Қытайды жеңіп, Азия чемпионатының кестесін жалғыз өзі бастап тұр, Мұратов дубль жасады

Азия чемпионатындағы екінші ойында Қазақстан құрамасы Қытайды сенімді ұтты. Шайбаларды Максим Мусоров, Степан Александров, Батырлан Мұратов (дубль) және Артур Гатиятов соқты. «Барыс» жүйесінің өкілдері Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Олег Бойко, Данил Бутенко, Саян Данияр және Кирилл Никитин нәтижелі паспен көзге түсті.

Екі матчтың қорытындысы бойынша Талғат Жайлауовтың ойыншылары алты ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. 23 қарашада біздің команда Жапониямен ойнайды, басталуы Астана уақытымен 13:00.

Қазақстан – Қытай 5:1 (1:0, 3:1, 1:0)

1:0 – 03:04 – Мусоров (Ляпунов, Борисевич)

2:0 – 26:23 – Александров (Лихотников, Чапоров)

3:0 – 27:52 – Мұратов (Старченко, Бойко)

4:0 – 31:50 – Гатиятов (Бутенко, Данияр)

4:1 – 36:46 – Жэнь (Ван Д., Хоу)

5:1 – 55:51 – Мұратов (Старченко, Никитин)

Қақпашылар: Пестов - Чэнь

20251122_WANGYUE_WY1_6227_ED.JPG
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс үздік сегіздікке қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды

new-preview
8 фото
Barys

Лада - Барыс

new-preview
Barys

Лада – Барыс матчы алдында