Sport Qory-мен бірлесіп ҚХЛ-дың 2026/27 жылғы тұрақты чемпионатының алғашқы айындағы «Барыстың» ойын нәтижелеріне қорытынды жасаймыз. Бұл айдар клубтың серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қатысуымен дайындалды.
Қыркүйек айында «Барыс» 10 матч өткізді. Астаналық команданың еншісінде негізгі уақытта тіркелген 5 жеңіс және 10 ұпай бар. Осы нәтиженің арқасында Михаил Кравецтің ойыншылары Шығыс конференциясында плей-офф аймағында орналасып отыр.
Қыркүйек айында астаналықтар 38 шайба соқты. Бұл бір ойынға орта есеппен 3,8 голдан келеді және ай қорытындысы бойынша Лигадағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Команданың ең ірі жеңісі 7 қыркүйекте тіркелді. Сол күні «Барыс» өз алаңында «Сібірді» 7:1 есебімен жеңді.
Ал қарсыластар «Барыстың» қақпасына 29 шайба соқты. Бұл бір ойынға орта есеппен 2,9 голдан келеді. Көрсеткіш бойынша астаналықтар Шығыс конференциясында тоғызыншы орында. Команданың ең ірі жеңілісі 26 қыркүйекте Астанада тіркелді. Сол кездесуде «Барыс» Шығыстағы көшбасшылардың бірі «Нефтехимикке» 3:6 есебімен жол берді.
Қыркүйек айында «Барыс» сан басымдығын 36 мүмкіндіктің 7-еуінде пайдаланды. 19,4 пайыздық көрсеткіш қазіргі уақытта Лигадағы 12-орынға сәйкес келеді. Ал кем құрамда астаналықтар қарсыластың 28 мүмкіндігінің алтауында гол өткізіп алды. 78,6 пайыздық көрсеткішпен бұл бағытта да команда чемпионатта 12-орында тұр.
Команданың ең нәтижелі ойыншысы Джастин Бэйли (7+5) чемпионаттың үздік сұрмергендері мен бомбардирлері қатарында. Сонымен қатар Гарретт Пилон (5+5) мен Всеволод Логвин (4+6) маусым басынан бері 10 ұпайдан жинады.
Қыркүйек айының үздік қорғаушысы алғаш рет Джейк Масси атанды. Ол өткен айда өткізген 10 матчта 8 (3+5) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткішін +7-ге жеткізді. «Ладамен» өткен (6:0) және «Локомотивке» қарсы (5:0) кездесулерде Масси жеңіс шайбаларын соқты. Сондай-ақ оның есебінде 7 күштік әдіс, 22 бұғатталған соққы, 3 шайбаны тартып алу және 3 қағып әкету бар.
«Барыс» сапында бұғатталған соққылар саны бойынша Логан Дэй көш бастап тұр. Оның көрсеткіші - 31. Бұл қыркүйек айында чемпионаттағы барлық ойыншылар арасындағы екінші нәтиже. Сонымен қатар 26-нөмірлі қорғаушы командадағы күштік әдістер саны бойынша да үздік - 13 рет.
«Барыстың» төрт ойыншысы қыркүйек айының қорытындысы бойынша ҚХЛ-дың пайдалылық көрсеткіші жөніндегі үздіктер қатарына енді. Джейк Массиден бөлек, бұл тізімде Всеволод Логвин мен Семён Симонов (+8) және көш бастап тұрған Кирилл Ляпунов (+10) бар.
Жақында ҚХЛ-дағы 100-матчын өткізген Андрей Шутов қыркүйек айында жақсы ойын көрсетті. Ол екі рет ойын күнінің үздігі атанып, маусымның екінші аптасының үздік қақпашысы атағына ие болды. Шутов бір матчта орта есеппен 1,94 шайба өткізеді, ал қақпаға бағытталған соққылардың 94,2 пайызын қайтарды.
Қыркүйек айында «Барыстың» өз алаңындағы 5 матчын 54 098 көрермен тамашалады. Бұл әр ойынға орта есеппен 10 820 жанкүйерден келеді. Өткен айда «Барыс Арена» екі рет аншлаг жинады.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.