Sport Qory-ның «Барыстың» қараша айындағы ойынына жасаған қорытындысы
02 Желтоқсан 2022

Sport Qory-ның «Барыстың» қараша айындағы ойынына жасаған қорытындысы

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыстың» қараша айындағы ойындарына қорытынды жасалды. Бұл мақала серіктесіміз – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдауымен дайындалды.

ҚХЛ тұрақты маусымының үш айында «Барыс» 37 ойын өткізіп, 33 ұпай еншілеген. Қазіргі уақытта қазақстандық команданың негізгі уақытта қол жеткізген 13 жеңісі Шығыс конференциясының үздік сегіздігін түйіндеуге мүмкіндік беріп тұр.

Бүгінде «Барыс» нәтижелілік көрсеткіші бойынша Шығыс конференциясында сегізінші орында. Астаналықтар 79 нәтижелі шабуыл ұйымдастырған (бір ойында орта есеппен 2,14 гол). Өз қақпасына 104 шайба жіберген елордалық клуб қорғаныстағы сенімді ойын көрсеткіші бойынша конференцияда 10-орында тұр.

Команда осы айдағы ең ірі жеңістеріне 21 және 30 қараша күндері қол жеткізген. Астанада «Салават Юлаевты», Челябинскіде «Тракторды» бірдей 4:1 есебімен жеңді.

Андрей Скабелка шәкірттері дәл осындай есеппен өз айдынында «Адмирал» мен «Спартактан» ұтылған еді. Қазақстандық хоккейшілер қараша айында осы екі командадан ойсырай жеңілді.

Линден Вей «Барыстың» осы маусымдағы үздік сұрмергені болып қала беріп отыр. Шабуылшылар арасында мұзда орта есеппен ең көп уақыт өткізетін (20 минут 40 секунд) капитан еншісінде 13 шайба мен 9 нәтижелі соққы бар.

16 нәтижелі пастың авторы Джесси Грэм команданың үздік ассистенттерінің көшін бастап, қорғаныстағы ең нәтижелі ойыншы ретінде қалып отыр. «Барыстың» №22 жейдедегі ойыншысы астаналықтардың арасында мұзда орта есеппен 21 минут ойнайды, бұл – командадағы ең үздік көрсеткіш. Сондай-ақ Иван Мищенко екеуі соққыға тосқауыл қою бойынша бірінші орынды бөлісіп тұр (45).

Әділ Бекетаев өзінің Құрлықтық хоккей лигасында өткізіп жатқан алғашқы толық маусымында 3 шайба соғып, 10 ұпай жинады. Оған қоса, қорғаушы күштік әдіс көрсету бойынша өз командасының топ-3 тізіміне кіреді (34).

Бұл көрсеткіштегі көшбасшы – Нельсон Ножье, ол қарсыластарына 36 күштік әдіс қолданған. Бұдан бөлек, №27 жейдедегі «Барыс» қорғаушысы астаналық команда сапындағы ең «пайдалы» ойыншы (+2).

Қазақстандық команда қақпашыларының статистикасы бірдей деуге болады. Юлиус Гудачек бір матчта орта есеппен 2,48 шайба жіберіп, 91,2% соққыны кері қайтарады. Никита Бояркин болса, 91,5% соққыға тосқауыл болып, өз қақпасына бір ойында орта есеппен 2,49 гол жібереді.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды