Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері
12 Маусым 2026

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

нуриев 2.jpg

«Снежные Барсы» командасының бас бапкері қызметіне Ильгиз Нуриев тағайындалды.

Ойыншы ретінде Нуриев Сәтбаевтың «Қазақмыс», Қарағандының «Сарыарқа», Теміртаудың «Арыстан» және Петропавлдың «Құлагер» клубтарының намысын қорғады. Бұрынғы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2017 жыл Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

2023 жылы Ильгиз Равилевич бас бапкер ретінде «Құлагердің» жастар командасын Jastar Ligasy чемпионатының күміс жүлдесіне жеткізді. Соңғы екі жылда маман Приморье өлкесінің «Тайфун» клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда МХЛ-дың Батыс конференциясындағы «Күміс» дивизионында жеңіске жетіп, «Алтын» дивизионына жолдама алды.

Нуриевпен келісімшарт екі маусымға, 2028 жылдың 31 мамырына дейін жасалды.

«Снежные Барсы» командасының жаңартылған бапкерлер штабы мен маусымалды дайындық жоспары кейінірек жарияланады.

Леонид Метальников, «Барыс» хоккей клубының бас менеджері:

Ильгиз Равилевич - жүйелі жұмыс істейтін, әрі өте талапшыл маман. Ол хоккейшілерден барынша жоғары нәтиже ала біледі, мұны оның «Тайфундағы» жұмысы анық көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ол біздің хоккейдің ерекшеліктерін жақсы біледі. Бұл да маңызды, өйткені жастар командасының басты міндеті - негізгі команда мен Қазақстан құрамасы үшін сапалы резерв дайындау.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ»АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер