«Снежные Барсы» командасының бас бапкері Ильгиз Нуриев «Молотқа» қарсы екінші кездесуден кейін ойынға қатысты пікір білдірді.
Ильгиз Нуриев:
- Жақсы ойын болды. Бүгінгі жеңісімен қарсыласты құттықтаймын. Өз командамыздың ойынына келсек, бірнеше орынсыз қателік жібердік. Ойынның шешуші сәттерінің бірі аз құрамда қалып, гол жіберіп алған эпизод болды. Осыдан кейін ойынның ырғағы бұзылды. Үнемі есепті теңестіруге тура келді, соның салдарынан жігіттер көп күш жұмсады. Тағы да қайталаймын, бұл жағынан алғанда жеңіліс өте өкінішті. Қозғалыс тұрғысынан жаман көрінген жоқпыз. Кей сәттерде өз әрекеттерімізге қажетті деңгейде назар аудармадық, эпизодтарды соңына дейін жеткізе алмадық. Мұның бәрі ойын нәтижесіне әсер етті.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.