ИИХФ басшысы Люк Тардиф Барыс-Аренаға келді
16 Қыркүйек 2022

ИИХФ басшысы Люк Тардиф Барыс-Аренаға келді

Бүгін «Барыс-Аренада» Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф пен Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин болды. ИИХФ басшысы сарайдың инфрақұрылымын қарап, сондай-ақ «Қар барыстары» мен «Арлан» арасындағы Қазақстан чемпионаты матчының ашылуына қатысты.

Кеше Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Тардифті қабылдағанын айта кетейік. Тараптар хоккейді дамыту және танымал ету, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы егер біздің еліміздің өтінімі 2023 жылғы мамырға белгіленген дауыс беру барысында қолдау табатын болса, Қазақстан 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Nomad

Номад - Алматы

new-preview
9 фото
Nomad

Номад - Алматы

new-preview
9 фото
Nomad

Номад - Горняк