«Барыс» канадалық шабуылшы Гарретт Пилонмен келісімшарт жасасты. Біржақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Хоккейші кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америка лигаларында өткізді. 2023 жылы шабуылшы «Херши Беарс» сапында Колдер Кубогының иегері атанды. Соңғы үш маусымда Пилон «Оттава Сенаторз» командасының фарм-клубы саналатын «Беллвилль» ұжымының намысын қорғады. Соңғы екі жыл команда капитаны болды. Өткен АХЛ тұрақты чемпионатында Гарретт 56 матчта 31 (8+21) ұпай жинады.
Жалпы алғанда, ол АХЛ-де 485 ойында 105 гол соғып, 199 нәтижелі пас берген.
Гарретт Пилон
Туған күні: 13.04.1998.
Амплуасы: шабуылшы.
Бойы: 182 см.
Салмағы: 87 кг.
Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ.
Фото – windspeaker.com
«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – Самұрық-Қазына АҚ
«Барыс» ХК-ның серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.