Pro Ligasy финалы. Номад екінші жеңісіне жетті
03 Сәуір 2026

Pro Ligasy финалы. Номад екінші жеңісіне жетті

Бүгін астаналық ұжым Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі аясында «Сарыарқаға» қарсы екінші ойынын өткізді. Константин Пушкарёв ойыншылары 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Алдыңғы кездесудегідей, қонақтар матчты белсенді бастап, Данила Карабаньның күшімен есеп ашты. Алайда «көшпенділер» көп ұзамай Всеволод Логвиннің дәл соққысымен жауап қатты. Кейін Артём Лихотников қарағандылықтарды қайта алға шығарды. Бірақ екінші кезеңде Тимур Миндубаев теріс бұрыштан шайба соғып, есепті теңестірді.

Осыдан кейін команда капитаны Саян Данияр азшылықта көзге түсіп, астаналықтарды алға шығарды. Қорытынды кезеңде Кирилл Ляпунов өз командасының төртінші шайбасын соқты, ал матчтағы соңғы нүктені Глеб Решетько бос қақпаны дәл көздеп қойды.

Енді серия Қарағандыға ауысады, онда командалар келесі ойындарын 5 және 7 сәуір күндері өткізеді.

«Номад» - «Сарыарқа» 5:2 (1:2, 2:0, 2:0)

0:1 - 00:28 Карабань (Михайлов)

1:1 - 04:39 Логвин

1:2 - 13:34 Лихотников (Фазлеев, Михайлов)

2:2 - 32:50 Миндубаев

3:2 - 36:49 Данияр (Бойко) АГ

4:2 - 51:48 Ляпунов

5:2 - 57:42 Решетько (Дубинскас, Бойко) БҚ

Қақпашылар: Дубинскас - Кадочников (Ибрагимов, 51:48-60:00)

Сериядағы есеп: «Номад» - «Сарыарка» 2-0 (5:4 ОТ3, 5:2)

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Дмитрий Бреус

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы