Ерлан Сағымбаев: «Көптеген жас ойыншыларда кәсіби қарым-қатынас қалыптасқан»
08 Тамыз 2022

Ерлан Сағымбаев: «Көптеген жас ойыншыларда кәсіби қарым-қатынас қалыптасқан»

«Барыс» ойыншыларын дамыту жөніндегі жаттықтырушы Ерлан Сағымбаев оның міндеттеріне не кіретінін, БЖСМ-де жағдайдың қалай болып жатқанын айтып берді, сондай-ақ осы маусымда жас ойыншылардың қайсысы өзін жақсы жағынан көрсете алады деген пікірімен бөлісті.

- Ерлан Ерлесұлы, ойыншыларды дамыту жөніндегі жаттықтырушы немен айналысады?

- Бірінші кезекте, ойыншылар жөнінде ақпарат жинаумен айналысады. Сонымен қатар, бұл тек «Барыс» жүйесіндегі спортшыларға ғана емес, сонымен қатар оларды бірінші командаға тарту және олардың кандидатураларын одан әрі ұлттық құрамаға қарастыру мақсатында ішкі чемпионатта ойнайтын барлық қазақстандық ойыншыларға қатысты. Сондай-ақ менің міндеттеріме жақындағы резервпен, «Барыс» жаттықтырушылар штабының көзіне іліккен ойыншылармен жұмыс істеу кіреді. Бұл олардың бірінші командада болатын талаптар мен жүктемелерге тезірек бейімделуі үшін қажет. Тағы бір мәселе – біздің клуб жүйесінің барлық командаларының жаттықтырушылар штабымен қарым-қатынас орнату.

- Сіз «Барыс» БЖСМ-мен бұрыннан таныссыз, осыған дейін балалармен жұмыс істеген едіңіз. Біздің мектеп туралы пікіріңізбен бөліссеңіз.

- Қазір біздің мектепте 700-ден астам түрлі жастағы бала жаттығуда. Менің ойымша, «Барыс» БЖСМ балалар үшін жасалатын жағдайлар бойынша республикадағы үздік мектеп болып табылады. Жыл сайын хоккеймен айналысқысы келетін балалар саны 160-180 адамды құрайтынын көрудеміз. Әрине, бұл белгілі бір із қалдырады және жаттықтырушыларға үлкен жұмыс атқару керек. Себебі, алдымен балалардың мұндай санын негізгі дағдыларға үйрету керек, содан кейін дұрыс іріктеу өткізу керек, дарынды ғана емес, сонымен қатар хоккеймен шұғылданғысы келетін балаларды анықтау қажет. Менің ойымша, біздің жаттықтырушылар жоғары білікті, бұған біздің командаларымыздың Қазақстан чемпионаттарындағы нәтижелері де айғақ.

- БЖСМ түлектері бірнеше жыл бойы Қазақстанның Жастар чемпионатында бірінші орынға ие болуда. Бұл ретте біздің балалар өздерінің көптеген қарсыластарынан әлдеқайда кіші. Бұл ненің есебінен болуда?

- Бұл жерде жас ойыншылар үшін жасалатын жағдайлар бірінші орынға шығатын шығар. Бізде балалар жақсылап жаттыққаны, өз деңгейін, шеберлігін арттыру үшін барлығы жағдай бар. Сонымен қатар, жаттықтырушылар болашақта үлкен шеберлерге айнала алатын дарынды спортшыларды іріктеуге мүмкіндік алады.

- Бірақ бір қарын майды бір құмалақ шірітеді демекші, мәселелер де бар. Ел ішіндегі жеңістерге қарамастан, біздің ойыншылар халықаралық деңгейде өздерін әрдайым таныта алмауда.

- Басты себеп – халықаралық жарыс тәжірибесінің, халықаралық турнирлер мен матчтардың жетіспеуі. Әрине, пандемия да өз әсерін қалдырмай қоймады. Әр түрлі шектеулерге байланысты біздің командалар мен құрамалар күшті қарсыластармен ойнай алмайды, яғни қажет тәжірибе жинақтай алмайды. Ал ойын деңгейі болса мықты қарсыластармен бәсекелестікте ғана өседі.

- Балалар хоккейінен ересек хоккейге ауысу кезінде ең қиыны не? Неліктен жастар деңгейіндегі көптеген ойыншылар жақсы нәтиже көрсеткенімен, бірақ ересек хоккейге дұрыс ауыса алмауда?

- Мұнда көптеген факторлар бар. Жас ойыншы шеберлер командасына келгенде, мүнда жоғары талаптар қойылатын болады. Спортшының қандай ортаға түсетіні, қандай ойын үйлесімдерінде және қандай серіктестермен ойнайтыны өте маңызды, сондай-ақ жаттықтырушылардың сенімі де өте маңызды. Әрине, хоккейшінің психологиялық тұрғыдан тұрақтылығы да маңызды рөл атқарады, ол мұнда қиын болатыны, қысым мен жүктемелерге қаншалықты дайын болатыны маңызды. Мұндай сәттерді бәрі бірдей еңсере алмайды. Әр ойыншы үшін бәрі жекеше. Жалпы, мен дарынды ойыншылардың көпшілігі өз орнын таппайды деп айтпас едім. Менің есімде, керісінше, дарынды жігіттердің жоғарыға көтерілуіне көбірек мүмкіндіктері бар. Тағы да бір фактор – шеберлер командасындағы орындардың шектеулі саны. Мысалы, шығарылым 10-15 адамнан тұрады делік, бірақ командаға ең көбі 2-3 спортшы ғана кіреді, демек тағы да бәсекелестік пен психологиялық қысым. Сондықтан бірінші команданың құрамына дейін ең мықтылар ғана жетеді, ал қалған жігіттерге басқа нұсқаларды іздеу қажет болады.

- Өткен жастар лагері туралы айта кетсеңіз. Жаттықтырушылар штабы қандай қорытындылар жасады?

- Айталық, жастар лагерінен өткен барлық балалар түрлі тестілер шеңберінде өздерінің нәтижелерімен жаттықтырушылар штабын қуантты. Олар дайындықпен келді, өздерін жерде және мұз айдынында жақсы танытты. Бұл көптеген ойыншыларда кәсіби қарым-қатынастың қалыптасқанын білдіреді. Ойыншылар жазда демалып қана қоймай, жаңа маусымға дайындалғанын көрсетеді. Олар үшін бұл үлкен плюс.

– Кэмпке қатысқан ойыншылардың ең жасы – 2004 жылы туған жігіт. Балалар мұндай жүктемелерге қаншалықты дайын болды?

- Менің ойымша, олар өздерін жақсы танытты. Иә, кей жерде күш, жылдам ойын ойлау және кейде шеберлік жетіспеуде. Бірақ жігіттердің әлеуеті жоғары екені көрініп тұр. Ең бастысы, олардың дамуға деген үлкен талпыныстары бар, сондай-ақ физикалық формалары жақсы.

- Онда айтыңызшы, егер бұл мүмкін болса, қазір қазақстандық тәрбиеленушілердің қайсысы шеберлік деңгейінде алға үлкен қадам жасауға дайын?

- Қазіргі уақытта Батырлан Мұратов үлкен жұмыс атқаруда және оның негізгі құрамда тұрақтануға барлық мүмкіндігі бар. Темірлан Гайтамиров, Эдуард Шетле, Диас Гусейнов өздерін жақсы жағынан танытты. Тәжірибелілерден Миша Рахмановты атап өтуге болады, Эмиль Нұрғалиев тырысып бағуда. Сондай-ақ, осы маусымда Самат Данияр мен Әділ Бекетаев өздерін толығымен танытады деп ойлаймын. Олар жақсы деңгейде хоккей ойнайды және жаттығулар көрсеткендей, олар негізгі құрамның ойыншылары болуға әбден дайын.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
37 фото
Barys
Барыс

ЧРК U-14. 2-күн

new-preview
32 фото
Barys
Барыс

ЧРК U-14. 1-күн

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасы чемпиондық атағын қорғай алмады