Эдвард Паскуале Барыстан кетеді
11 Шілде 2024

Эдвард Паскуале Барыстан кетеді

D52I4160.jpg

«Барыс» Эдвард Паскуалемен ынтымақтастықтың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. 2024/25 маусымының соңына дейін есептелген канадалық қақпашымен келісімшарт клубтың бастамасымен өтемақы төлеу арқылы тоқтатылды. 

Өткен маусымда Паскуале ҚХЛ-ның тұрақты чемпионатында 36 матч өткізіп, бір ойынға орташа есеппен 3,12 шайбаны жіберіп, 90,4% қайтарылды. 

Олег Болякин, «Барыстың» бас менеджері

- Өкінішке орай, Паскуаленің «Барысқа» екінші келуі біз күткендей болмады. Осыған байланысты Эдвардпен келісім шартты тоқтату туралы шешім қабылданды. Бүкіл клубтың атынан оған келесі командада сәттілік тілеймін. 

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ»АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары