Барыс БЖСМ балаларды қабылдауды бастайды
15 Тамыз 2023

Барыс БЖСМ балаларды қабылдауды бастайды

БЖСМ

2023 жылдың 21 тамызы күні «Барыс» БЖСМ 2018 жылы дүниеге келген ұлдарды қабылдауды бастайды. Балаларды Костарев Дмитрий Сергеевич жаттықтырады.

Тіркеу Тұран даңғылы, 57, «Барыс-Арена», «Б» блогы мекен-жайы бойынша сағат 10:00-де басталады. Аренаға кіру БЖСМ есігі арқылы жүзеге асырылады (егер аренаға тіке қараса, солға бұрылып, «БЖСМ» нұсқамасына дейін бару керек).

Қажетті құжаттар:

- 3х4 форматындағы екі сурет,

- балабақшадан/мектептен анықтама;

- педиатрдың баланың хоккеймен айналысуына рұқсат еткен анықтамасы;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі;

- толтырылған сауалнама мен өтініш (аренада беріледі).

«Барыс» БЖСМ жаттығу тегін.

Барлық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады:

+7 7172 61 35 23;

+7 701 798 36 30;

+7 775 888 90 71.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады