Дмитрий Гурков: «Сәтсіздіктер сериясын үзсек, жағдайдың жақсаруы керек»
27 Қазан 2021

Дмитрий Гурков: «Сәтсіздіктер сериясын үзсек, жағдайдың жақсаруы керек»

«Сібірмен» болған матчта өзінің маусымдағы алғашқы шайбасын соққан шабуылшы Дмитрий Гурков Новосібірдегі кездесуді қорытындылады, сондай-ақ команданың алдағы ойындарға деген көңіл-күйін атап өтті.

- Ойын басталған соң шамамен он минуттан кейін біз іске кірісіп, берілген тапсырма бойынша әрекет ете бастадық. Екінші кезеңде біз басымдыққа ие болдық деп ойлаймын. Көп нәрсеге лайық болсақ та, екінші ұпай ала алмағанымыз өкінішті.

- «Сібірмен» болған матчтарда әдетте тасталған шайбалардың саны аз болады. Бұл ойын неге ерекше болды?

- Ойынның арасындағы күндердің тығыз болуына байланысты шығар. Барлық командалардың ойынға деген ынтасы жоғары. Ойынға бірден кірісіп, жүгіре жөнелдік. Үшінші кезең мен овертайм бірқалыпты өтті. Сөйтіп, нәтижесінде буллиттер сериясына жеттік.

- Бұл маусымдағы алғашқы шайбаң болды, сол туралы айтып берсең.

- Жігіттер жақсы қысым жасады. Серпіліс жақсы болып, қашып барып, соққы жасай алдым. Алайда бұл эпизодта мұзда ойнағандардың барлығын атап өту керек.

- Бүгінгі таңда сіздің тобыңыз ойынға жеткілікті уақыт алды. Қысқартылған құрамды ескере отырып, дәл сіздің нәтиже көрсетуіңіз керек деген ойлар келді ме?

- Жаттықтырушылар әр ойынның алдында тапсырма береді. «Сібірмен» болатын матчтың алдында ештеңе өзгерген жоқ. Тек, сен әрдайым тонуста боласың. Жаттықтырушылардың сенім артқаны үшін рахмет айтамын. Команда ойынға кірісіп, әрқайсысы бір-бірі үшін жауапты болды, себебі барлығы да жауапкершілікті жақсы түсінді. Оған қоса, бізді әрдайым қолдайтын жанкүйерлердің алдындағы жауапкершілік те бар. Қысқарған құрам дейсіз бе? Бұл бәрімізді одан сайын біріктірді.

- Алдымызда Қиыр Шығыста ойналатын ойын бар. Команданың алдағы кездесулерге деген көңіл-күйі қандай?

- Қазір ең бастысы - қалыпқа дұрыс келу. Бәріміз жеңуіміз керек екенін түсінеміз. Біз кез-келген қарсыласты жеңе алатынымызды көрсеттік. Сәтсіздіктер сериясын үзсек, жағдайдың жақсаруы керек. Әрине, дайындық кезінде жаттықтырушылар мен медициналық штабтар уақыт айырмашылығы мен басқа да ерекшеліктерді ескереді. Барлық командалардың Қиыр Шығыста ауыр ойнайтыны түсінікті, алайда біз тек жеңіске жетеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс қатарынан бесінші рет жеңілді

new-preview
13 фото
Barys

ЦСКА - Барыс

new-preview
Barys

ЦСКА – Барыс матчы қарсаңында