Дінмұхамед Қайыржан Барыста қалады
15 Сәуір 2026

Дінмұхамед Қайыржан Барыста қалады

«Барыс» клубы қазақстандық шабуылшы Дінмұхамед Қайыржанмен келісімшартты ұзартқанын хабарлайды. Біржақты келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін екі маусымға есептелген.

2025/26 жылғы маусым хоккейші үшін ҚХЛ-дегі ең үздік маусым болды. Қайыржан 67 ойынға қатысып, 22 (8+14) ұпай жинап, «Барыс» сапындағы қазақстандық ойыншылар арасында ең нәтижелі хоккейші атанды.

Сондай-ақ оның еншісінде 46 соққыға тосқауыл бар. Ол орта есеппен мұз айдынында 15 жарым минут ойнап, 60 күштік әдіс жасаған.

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері:

- Біз біліктілік ұсыныстарының мерзімін күтпеу туралы шешім қабылдадық. Дінмұхамед мансабындағы ең үздік маусымын өткізді. Алдағы екі жылдық келісімшарт кезеңінде біз одан одан да үлкен ілгерілеу күтеміз - нәтижелілік жағынан да, қорғаныстағы ойындағы сенімділік тұрғысынан да. Бірқатар матчтарда ол өз энергиясы, жылдамдығы және жоғары жанкештілігінің арқасында команданы алға жетелей алатынын анық көрсетті.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

13.jpg


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Кирилл Панюков Барыста тағы бір маусымға қалады

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 1-ші күні

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0